Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.
Осы орайда оқушылардың оқырман белсенділіктерін арттыру үшін төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп» және «2022-2025 жылдарға арналған көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспары» жобасын іске асырылу мақсатында  оқушылардың өздігінен оқуға арналған көркем әдебиет тізімі бойынша кесте жасалып, 10 минуттық кітап оқу жүзеге асырылды. Қазан айында қазақ тілінде дүйсенбіден жұмаға дейін 10.25-10.40 аралығында 5,9,10,11-сыныптар, ал 15.05-15.20 аралығында 6,7,8-сыныптар 10 минуттық кітап оқу үрдісі жасалды. Сонымен қоса, кітап оқу бойынша видеоролик жасалынып, мектептің Instagram https://www.instagram.com/reel/Cjkl59UKljy/?igshid=YmMyMTA2M2Y= парақшасына салынды.  Елшібаева Лаура Бақытовнаның 6-сынып оқушылары Даулетқан Алина мен Елемес Ералы көркем әдеби кітаптарды үйде оқуда...

Сатенбаева Дамира Бекетовнаның 9 «М1» оқушылары оқыған көркем шығармаларын талдау үстінде...

Құсманова Макпал Құсманқызының 8-сынып оқушылары кітапханада...

Ибраимова Гүлнұр Мақсұтовнаның 6- «а» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» бойынша кітап оқу үрдісін жалғастыруда...

Интыкпаева Бақыт Тұрсынханқызының 5 «д» сынып оқушысы Бахтыбаев Дінмұхаммед сыныпқа «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып, қысқаша мазмұнын талдап, оқушыларға таныстырған сәтінен.  10 «М1» сынып оқушылары «Абайтану» кабинетінде көркем әдеби кітаптар оқу үдерісінде...

9- «М» сынып оқушылары кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 10 минуттық кітап оқуда.

Кабдуллина Айжан Жомартовна О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №1 филиалында 7 «Б»-сынып оқушыларымен кітап оқуда. 

       

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив