Мақала: "Біз өз еңбегімізді балаларға арнаймыз"
«Біз өз еңбегімізді балаларға арнаймыз»
Ұстаз әлемінің тереңіне сүңгіп,Тағылымын бойына сусындатпаған шәкірт жоқ шығар,сірә?! Асқар тұлғаның алдынан өтпедім деп,ұлылардың ұлысы да айта алмас еді.Ұлылықтың ұлы шыңы болған кешегі Абай,Шоқан,Ыбырайдай бабаларымыздың, «ұстаздық» атты киелі көштің ізін жалғастырып келе жатқан Ұстаз теңіз тамшыларымен де өлшенбес.Әр биіктің шыңына шыққан тұлға ұстаз еңбегіне қарыздар.Сол себепті киелі есімді жандарды қанша ауыз толтырып мақтау айтсақ та өлшеусіз.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай ,өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай,уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң,еңбегің еш кетпейді деп түсінемін.Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым,толдым,мен бәрінде білемін» деп айтуға болмайды.Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болу керек.Өмір бір орында тұрмайды,үнемі алға жылжып отырады,соған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу,оқыту үшін үнемі ізденіп,білімін,біліктілігін арттырып отыру керек.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң,алдында бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме,жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім...
Ұстаз бала алдында өзінің жүріс-тұрысымен,киім киісімен,сөйлеу шеберлігімен,дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қаж-ет.
Біз,мектептің жүрегі болған қарапайым ғана мұғалімдер бар ғұмырымызды өз баламызды аямай,өзгенің баласын аялаумен өткізетін,бала болашағына арнап,шәкірттерімізге бағыт-бағдар беріп,дұрыс жөн сілтеуді мақсат етіп алғанбыз.Алғашқы күннен бастап шәкірттеріміздің оқудағы мақсатын айқындап,өмірлік көзқарастарын қалыптсатырып,білім айдынында еркін қанат қағуына ықпал етеміз.Алдымызда отырған оқушыға білім нәрін сусындатып,ғылым атты теңіздің тереңіне жетелеп,шамшырағын жағу жолында еңбек етеміз.Неге десеңіз,ұлағатты ұстазынан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер,ұлы тұлға болып өседі,өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп,көркейтеді.еңбегңмңздің бағасын ата-ана,шәкірт,жұртшылық береді.Әр оқушының алғысы,құрметі,көздерінен жанған білім ұшқыны ,мектептен түлеп ұшқан шәкірттердің неше уақыттан кейін ұмытпай,амандасу үшін сені іздеп келгені,мына біздер,мұғалімдер үшін «Құрмет» орденін таққанмен тең.
Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек,оның бірі-терең білім болса,екіншісі-үлкен жүрек. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған ұстаз ғана өз еңбегінің жемісін көре алары сөзсіз дей келе,қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова апамыздың мына өлең жолдарымен өз ойымды аяқтағым келіп отыр:
«Ұстазсыз жанда сөнбек күн
Шәкіртсіз өмір –сусыз жер
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін көріп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын, жігер күт
Ұстазым,сенің әр күнің
Әр сәтің тұрған,бір ерлік»
Мақала авторы: Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі-Исаханова Гульназ Маликовна