«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясындағы «Туған өлкем» балалар фестивалі
«Туған өлкем» фестивалінің мақсаты - оқушылар арасында белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, патриоттық және азаматтық сезімді тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкесін танып-білу арқылы туристік-өлкетану қызметін белсендіру.
«Туған өлкем» фестивалінің міндеттері:
1) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыру, Кіші Отанды зерттеу;
2) республиканың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
3) туризм және өлкетану жұмысының дәстүрлі формалары мен әдістерін сақтау және инновациялық формаларын танымал ету;
4) әлеуметтік маңызы бар жобалар әзірлеуге және өз өлкесінде туризм мен өлкетануды дамыту идеяларын іске асыру бойынша өз бастамасының көрсетуіне ынталандыру;
5) туған өлкенің тарихын, оның көрікті жерлерін насихаттау мақсатында идея алмасу ортасын құру.
Фестиваль екі кезең, 5 номинация бойынша өтті. Мектебіміздің 8 сынып оқушылары Дидарұлы Мирас және Еркінбекова Сабина «Eko-Bolashak», «GREEN OASES» атты номинациялар бойынша қалалық кезеңге жұмыстарын ұсынды.Еркінбекова Сабина «Eko-Bolashak» номинациясы бойынша- мектеп оқу-тәжірибе учаскелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы бейне жоба ұсынып жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі: Айтахметова К.Д., география пәні мұғалімі.
«GREEN OASES» номинациясы бойынша «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарларды бейнелейтін немесе өз өлкесінің экологиялық мәселелерін көрсететін жеке қолөнер бұйымдары мен композициялар байқауы; сонымен қатар, мектеп ауласы, балабақша немесе басқа білім беру ұйымының ландшафттық экожобалар байқауы