10-тамыз Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өткен іс-шаралар.
10- тамыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысының толықтырылуымен «Абай күні» ретінде 2020 жылы белгіленген дәстүрлі мереке. «Абай күнін» атап өту хакім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртуды, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етеді.
Белгілі абайтанушы, профессор М.Мырзахметұлы қазақ халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың шығармаларында жатқандығын, «толық адам» ілімі негізінде құрылған тәрбие арқылы қазақ халқының жарқын болашағын қалыптастыру қажет екенін айтқан. Абай күнін атап өту білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді бойларына сіңіру, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.