Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-қара сөз
03
февраль
2020
7-қара сөз
ЖЕТІНШІ СӨЗ Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра
6-қара сөз
03
февраль
2020
6-қара сөз
АЛТЫНШЫ СӨЗ Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы.
5-қара сөз
03
февраль
2020
5-қара сөз
БЕСІНШІ СӨЗ Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті -
4-қара сөз
03
февраль
2020
4-қара сөз
ТӨРТІНШІ СӨЗ Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек.
3-қара сөз
03
февраль
2020
3-қара сөз
ҮШІНШІ СӨЗ Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ
2-қара сөз
03
февраль
2020
2-қара сөз
ЕКІНШІ СӨЗ Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа
1-қара сөз
03
февраль
2020
1-қара сөз
БІРІНШІ СӨЗ Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі
14.01.2020-28.01.2020 аралығында бастауыш сыныптар шығармашылық күндері өтілді
19
февраль
2020
14.01.2020-28.01.2020 аралығында бастауыш сыныптар шығармашылық
Өскемен қаласы әкімдігінің  «№46 орта мектебі» КММ Оқу ісі меңгерушісі, бастауыш сынып мұғалімі Каирбаева Еркеш Ергалиевна 14.01.2020-28.01.2020 аралығында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты бастауыш сыныптар шығармашылық күндері өтілді. Шығармашылық күндерінің негізгі мақсаты – оқушылардың барлық пәнге қызығушылығын арттыра отырып, әр түрлі шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жан-жақты дамытып, ұлы Абайдың шығармашылығымен таныстыра отырып, олардың бойына адами құндылықтарды
Абай Құнанбайұлы ескерткіштер картасы
17
февраль
2020
Абай Құнанбайұлы ескерткіштер картасы
Абай Құнанбайұлының Республикамыздағы және шет елдердегі ескерткіштеріне саяхат  https://abaialemi.kz/kz/map Тараз төрінде Абай ескерткіші орын тепті.  Бұл - Шығыс Қазақстан елінің қазақ хандығының 550 жылдығына, ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына арнап жыр алыбы Жамбыл жеріне арнаған сый-тартуы. Мүсінші – Гайсин Евгений Ирданович Биіктігі – 6,6 м. Абай ескерткіші (Абай қ., Қарағанды облысы). Республика сарайы алдында Абай атындағы алаңға қойылған ескерткіш (Алматы қ.) Ескерткішті Мүсінші