Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2018

Пайдалы кеңес

Ата-аналарға кеңестер

 

БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУҒА БЕЙІМДЕУ


                                  

1 сынып оқушыларының ата –аналарына кеңес


       Бастауыш білім–ересектер әлеміне қарай саналы өмірдің басталуы, және баланың кім болатындығы, қандай болатындығы оның жемістілігіне байланысты.

Неліктен балада қиыншылық туындауы мүмкін?

  • Мектепте жаңа талаптар қойылады: зейінмен тыңдау, енжар болмау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.
  • Ата-ана тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібінің өзгеруі, мінез-құлықта дербестіктің пайда болуы, өз-өзіне қызмет көрсету бойынша тапсырмаларды орындау.
  • Бала құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға түседі: бала барлығы секілді оқи ала ма, онымен балалар достаса ма, оны іспен, әрекетпен ренжітпей ме деп, уайымдай бастайды.

         Мектепте оқудың басталуымен байланысты бала өмірінде болатын барлық өзгерістер кезінде, ата-аналар мынаны ұмытпауы керек:

  • Бірінші сынып оқушылары өте эмоционалды күйінде қалады;
  • Өте әсерленгіш болады;
  • Тез шаршайды;
  • Олардың зейіні тұрақсыз;
  • Мінез-құлқы сыртқы жағдайға байланысты.

            Егер сіз бен біз балалардың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшеліктерін ескерсек, тапқырлық танытсақ, онда біздің балаларымыз балалардың мектепке бейімделу кезеңінен байсалдылық пен өтеді.

Сіздің мектеп пен мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз  баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді.

 Мектеп табалдырығын аттағаннан кейін сіздің балаңыздың өмірінде сізден де беделдірек адам пайда болады. Ол мұғалім.  Бірінші сынып оқушысының өз педагогы туралы пікірін сыйлаңыз.

 Балаңыздың мұғалімдерімен ынтымақтастықта болыңыз, көмек қолын ұсыныңыз, белсенділік танытыңыз. Көп жағдайда ата-аналары белсенді сыныпта балалар арасындағы қарым-қатынас жақсы, өмір қызықтырақ, мерекелер мен іс-шаралар көбірек болады. 

 Ұмытпаңыз: тіпті егер сіздің өзіңізде ата-ана ретінде мұғалімге сұрақтарыңыз болса, сізге бір нәрсені басқаша істеу дұрыс сияқты көрінсе, барлық қайшылықтар ересектер арасында қалуы керек. Әйтпесе бала ата-анаға деген махаббат пен ұстаз беделінің арасында не істерін білмей дал болады. 

 «Отбасы арасында».

Мектеп және мұғалімдер туралы теріс немесе дөрекі пікір айту өте зиянды.  Бұл баланың бейімделу кезеңін айтарлықтай дәрежеде қиындатады,  баланың тыныштығын бұзады, ол үшін маңызды болып табылатын ересектердің арасындағы қамқор мен келісімділігіне деген сеніміне сызат түседі. 

Егер сізді оқыту әдістемесі қанағаттандырмаса немесе түсініксіз болса,  мұғалімнен оның ерекшеліктерін және оқытудың басқа тәсілдері алдындағы артықшылығын түсіндіруді сұрау керек. Бұны кез-келген мұғалім қуана-қуана орындайды, ол үшін де ата-ананың сыншы емес, көмекші болғаны маңызды.

Балаңыз өзіне сенімді болуы, өзін-өзі бағалауы орынды болуы, батыл, бастамашыл болуы үшін, өз сөздеріңізге абай болыңыздар:
өзіңізде теріс қуаты бар сөздер бар ма, соған талдау жасаңыз және баламен сөйлесуде оларды алып тастаңыз.
 

Похожие публикации:

05 декабрь 2018 Әкімшілік
01 январь 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив