Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сынып мұғалімі: Шорманова Айгуль Төрехановна
26
февраль
2022

Бастауыш сынып мұғалімі: Шорманова Айгуль Төрехановна










Семинар-практикум

тақырыбы:

Педагогикалық цифрлық құзыреттілікті дамыту.

Жалпымақсат:


Оқу процесінің нәтижелілігін арттыру үшін педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу.

Қолданылатынматериалдар:


Слайд-презентация, түрлі-түстістикерлер, маркерлер

Қолданылған әдістері:

«Квизлет»,  «Тик-ток», «Инста-пост», «Рассылка», 

Тапсырмалар:

Топтық  талдау,  салыстыру, сыниойлау



Мұғалімдердіңіс-әрекеті

Қолданылатынәдіс-тәсілдер

Семинар барысындағы     іс-әрекет

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Ұйымдастыру сәті





















-         Қайырлы күн, құрметті әріптестер. 

-         Бүгінгі семинар-практикумда сіздермен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз.

-         Бүгін сіздерге арнап біздің команда педагогиклалық қоржындарыңызға пайдасы мол ақпаратты ұсынады.

-         Семинар-практикум командасымен таныса отырыңыздар:

1.     Педагог-зерттеуші Гүлназий Бидахметовна, бастауыш сынып мұғалімі

2.     Педагог –сарапшы Гаухар  Сабырбековна, көркем еңбек пәні мұғалімі

3.     Педагог-сарапшы Айгуль Торехановна, бастауыш сынып мұғалімі

4.     Педагог-модератор Анар Төлегенқызы, бастауыш сынып мұғалімі.


Семинар қызықты және сәтті өту үшін семинарда ұстанатын қағидалармен танысып алайық.

1.     Ұялы телефонды дыбыссыз күйге қоюды ұмытпаңыз.

2.     Белсенді болыңыз!

3.     Шынайы және ашық болыңыз!

4.     Топтың барлық мүшелеріне сыпайы болыңыз.

5.     Өзіңізбен үйлесімде болыңыз!

Сіздердің ойларыңыз біз үшін құнды!

бойынша топтасады


Анар Төлегенқызы


Қызығушылық

ты ояту кезеңі

 (3 мин)




















































































































Айгуль Торехановна


«Сергіту сәті»










Топқабөлу

(3мин)





Гүлнази

Бидахметовна 




Мағынаныашукезеңі

(15 мин)







Ой қозғау кезеңі 

(20 мин)



























Қорытынды 







Кері байланыс 

(3 мин)



















Гаухар     Сабырбековна
















Гаухар     Сабырбековна



«Тик-ток» әдісі.

Мақсаты: Семинар тақырыбының өзектілігін анықтау.


  • Қайырлы кұн, құрметті әріптестер, назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын. Видеоны мұқият қарап шығыңыздар.
  • Ал енді сілтеме бойынша кіріп, осы видеоның астынан комментарий(пікір) қалдыруларыңызды сұраймын. Сілтеме группаға жіберілді, бұл тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. 
  • Комментарийлерді оқып шығуға рұқсат етіңіздер. (тик-токқа кіріп, комментарий оқу)


  • Сіздердің пікірлеріңізді мен былай қорытындылар едім: К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз деген екен. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 
  • Осыған орай, бүгінгі семинар-практикумның тақырыбын: 

Педагогикалық цифрлық құзыреттілікті дамыту – деп алуды жөн көрдік. 


  • Цифрлық құзыреттіліктің дүниежүзінде болып жатқан пандемиялық жағдайға байланысты қажеттілігі күрт артып отыр. Білім беру жүйесінде педагогтардың алдында цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру  міндеті тұрды. Осы орайда ұстаздар біліктілікті арттыру курстарынан өткен болатын. 


  •  ВВС басылымында жарияланған цифрлық ұрпаққа қалай білім беру керектігі және жаңа технологиялардың білім саласына әсері туралы ғалымдардың жүргізген зерттеулерін сіздерге ұсынғымыз келіп отыр.

https://baq.kz/news/othernews/digital/

  • Смартфондар балалардың назарын өзіне аударатындықтан, ұстаздар білім беру әдістерін өзгертулері керек пе? Деген сұрақ туындап, осы мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізіпті. 


10- 24 жас аралығындағы Z ұрпақ пен 0-9 жас аралығындағы Альфа ұрпақ жаңа технологияларға етене жақын өсіп, оларды асқан жылдамдықпен меңгеріп алады. 

Альфа-ұрпақ деп 2010 жылдан бері қарай дүниеге келген балаларды айтады. Бұл уақыт – қазіргі балалардың ғаламдық цифрлануына әсер еткен IPad пен Instagram-ның  пайда болған уақыты.


1995 жылдан кейін туған жастар «Z» ұрпағына жатады. 

https://baq.kz/news/othernews/z-urpagy-olar-kimder/

Z-ұрпаққа тән қасиет

Зед-ұрпақты кейде "сандық ұрпақ", "цифр-адам" деп те атайды. Креативті идея мен эмоцияға берілгіш келеді. Әрдайым мотивация қажет.

Бұл ұрпақтың өкілдері табиғатынан креативті, шығармашыл, идея тудырғыш, амбициясы жоғары келеді. Жаңа ортаға оңай бейімделеді. Жаңашылдықты тез қабылдайды. Орта, жер мен ел ауыстырудан қорықпайды. Барыншаеркінжүргендіқалайды.


Америкадағы мектептегі техникалық интеграция мамандарының бірі Гейл Деслердің айтуынша,  оқушылар ұзақ дәрістерге назар аудармаса, ұстаздар сабақты бірнеше бөлікке бөлуі керек деген. Көптеген ұстаздар қысқа мәтіннің жақсы екеніне көз жеткізе бастаған. Кейбір мұғалімдер оқушымен YouTube және Instagram секілді платформаларда кездескенді жөн санайды. Pearson атты білім беру саласындағы жаһандық зерттеулер компаниясының вице-президенті Аша Чоксидің айтуынша, кейбір ұстаздар кітаптағы іш пыстырарлық тақырыптарды немесе түрлі тәжірибелерді видеоға түсіріп, оны оқушыларға көрсетеді. Кейбірі Instagram арқылы оқушылармен байланыс орнатып, оларға үй тапсырмасы туралы еске салып отырады.
 Оқушылар мұндай платформалар қолданылған сабақтарды жақсы қабылдайды. 


2018 жылы Пирсон зерттеуі көрсеткендей, Gen Z ұрпағы кітаптан бас тартып, ақпарат көзі ретінде видео көруге басымдық беріпті.

Кейбір мұғалімдер сыныпта жаңа технологияларды енгізе бастағанымен, зерттеулер дәстүрлі білім беру әдісінің өз артықшылықтары бар екенін де көрсетті. 

Тіпті, жоғары технологиялар саласында жұмыс істейтін оқытушылар да дәстүрлі білім беру тәсілдерінің артықшылықтары туралы көп айтады. Сол себепті мамандар мектептерде аралас білім беру әдісіне көшу керек деп санайды. Яғни, дәстүрлі білім беру әдістеріне жаңа технологияларды араластырып білім беру өте тиімді болатынын мәлімдейді.

Біз қаласақ та, қаламасақ та, цифрлық технология білім беру саласына ене береді. Ал ұстаздарда өз өзін дамытудан басқа амал қалмайды. Өзін дамыту арқылы ғана ұстаздар оқушының жаңа технологияларды дұрыс пайдаланып,  цифрлық технологияға етене жақын өскен ұрпаққа білім беру тәсілдерін өзгертіп,әлемдік жетістікке жетуді үйрете алады.

  • Мұғалімдердің көбі оқу материалдарын ұсынудың жаңа тәсілдерін игеруде. Осы ретте алматылық мұғалім Ұлан Үсеновтың балаларды оқыту барысында пайдаланатын қызықты әдіс-тәсілін Білім және ғылым министірі Асхат Қанатұлы атап өтіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
  • Ұлан химия пәнінің мұғалімі. Ол күрделі тақырыптарды қызықты, түсінікті және креативті түрде түсіндіру жолдарын ойлап тапты. Ұланның осындай видеосабақтарын сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр. 


  • Бұл видеосабақтардың ерекшелігі неде деп ойлайсыздар?
  • Ұлан сияқты оқушылармен бір толқында жүрген ұстаздар болайық. 



«Банан»,  «Ақ көйлек, көк көйлек»

-Анар Төлегенқызы сізге үлкен рақмет. Сіздер үшін қажетті де, пайдалы ақпарат болды деген ойдамыз.

-Енді әріптестер біраз сергіп алайық. Орнымыздан тұрайық. Экранға назар аударайық. Берілген тик-токтағы қимылдарды бірге жасайық.

-Өте жақсы. Ал, осы берілген екі тик-токтың қайсысын сабаққа қолданар едіңіз? Неліктен?

-Қазіргі уақытта тик-ток тренд болып тұр деп мазмұн, мағынасына қарамай кез-келген тик-токты сабаққа қолдана беруге болмайды. Тиімдісін ғана зерделеп барып, қолданғандарыңыз дұрыс болады. 



«Квизлет» ойыны


Топтық жұмыс ережесі:

  • Ынтымақтастықта жұмыс істеу;
  • Топта ешкім қалыс қалмау;
  • Әркімнің ойы құнды;
  • Уақытпен жұмыс жасау.



ДИАГРАММАҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ




ТОПТЫҚ ТАПСЫРМАЛАР.

Енді топтық сайысымыз тоқтамайды. Топтық жұмыс арқылы жалғасады.

Бүгінгі таңда ақпараттық құзіреттілікті қандай деңгейде меңгергенімізді топтық жұмыс арқылы анықтап көрейік.


 
 

1 топ«Инста-пост»

Тапсырма:

Бақытты өмір құпиялары” тақырыбында инстаграмм парақшасында пост жариялаңыздар

Дескриптор:

  1. Берілген тақырыпқа сай мәтін құрастырады
  2. Инстаграмм парақшасында пост жариялайды
  3. Сілтемесін 87058156869 ватсап номеріне жібереді

Бағалау критерийлері:

  1. Пост тақырып мазмұнын аша алады
  2. Әстетикалық нормаларды сақтайды
  3. Креативті     идеяны ұсына алады 

Қалыптастырушы бағалау: Инстаграмдағы лүпіл арқылы

2 топ «Рассылка»

Тапсырма:

“Отбасында “Бақытты баланы” тәрбиелеу құпиялары ” тақырыбында  әлеуметтік желіде рассылка жіберіңіздер. Дескриптор:

  1. Берілген тақырыпқа сай мәтін құрастырады
  2. Әлеуметтік желілерде таратады
  3. Сілтемесін 87750880995 ватсап номеріне жібереді

Бағалау критерийлері:

  1. Тақырып мазмұнын аша алады
  2. Әстетикалық нормаларды сақтайды
  3. Креативті     идеяны ұсына алады 

Қалыптастырушы бағалау:Рассылканы алған адам саны арқылы


3 топ  «Тік-ток»

Тапсырма: 

Оқушылар арманындағы ұстаз” тақырыбында  видео түсіріп, тик-ток-қа жүктеңіздер.

Дескриптор:

  1. Берілген тақырыпқа сай видео түсіреді
  2. Әлеуметтік желіге жүктейді
  3. Сілтемесін 87750880995 ватсап номеріне жібереді

Бағалау критерийлері:

  1. Тақырып мазмұнын аша алады
  2. Әстетикалық нормаларды сақтайды
  3. Креативті  идеяны ұсына алады

Қалыптастырушы бағалау: Тик-токтағы  лүпіл арқылы


4 топ «Модель»

Тапсырма:

Сенімді адам” (Уверенный человекмоделін құрастырыңыздар.

Дескриптор:

  1. Берілген тақырыпқа сай модель құрастырады.
  2. Әлеуметтік желіге жүктейді
  3. Сілтемесін 87750880995 ватсап номеріне жібереді

Бағалау критерийлері:

  1. Тақырып мазмұнын аша алады
  2. Әстетикалық нормаларды сақтайды
  3. Креативті     идеяны ұсына алады 

Қалыптастырушы бағалау: Отшашу арқылы


  • Бүгінгі семинарда көрген әлеуметтік желі платформасының қайсысы сіздің сабағыңызда қолдануға тиімді? 




  • Құрметті әріптестер! Бүгін біздің команда арнайы сіздерге семинар ұйымдастырды. Сіздер үшін пайдасы болды деген үміттеміз. Енді сіздерден кері байланыс күтеміз. Біздің жұмысымызды комментарий айта отырып, лайк және дизлайкпен бағалауларыңызға болады. Алдарыңызды тұрған Инста-постты лүпілдетіп, лайктап жіберіңіздер.

Кері байланыс:

1 топ-Жас маман

Тәжірибелі ұстаз


2 топ-Педагог-шебер

              Педагог-сарапшы


3 топ-Педагог-зерттеуші

             Педагог-модератор


4 топ- Әкімшіліктен 1 ұстаз

           1 жылдық стажы бар ұстаз



«Медитация»












































































































Топтар постер құрайды. Спикер шығып, қорғайды.












































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив