Ғылыми-жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігінің қорытындысы
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі» КММ
29 қаңтар 9 ақпан аралығында ғылыми-жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігінің өту барысы жайлы есебі
Мақсаты: Оқушылардың биология, химия, география пәндеріне қызығушылығын арттыру арқылы, табиғатты танып білуге, оны аялауға баулу және салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау.
29 қаңтар 9 ақпан аралығында ғылыми- жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндік шарасы өтті.
Шараның мақсаты: Оқушылардың биология, химия, география пәндеріне қызығушылығын арттыру арқылы, табиғатты танып білуге, оны аялауға баулу және салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау.
Онкүндіктің мақсаты анықталып, өтетін ашық сабақтар мен сыныптаны тыс шаралар жоспарларланды. 9 ақпан күні онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында табиғат ананың тебіренісі мен табиғаттың таңғажайыбы бейнелейтін мағанасы терең көрініс көрсетілді. Оқушылардың мұғалімдерге алғыс әні мұғалімдердің оқушыларға деген сүйіспеншілігін білдіретін тамаша әнмен ұштасты. Ашылу салтанаты өте әсерлі және мағаналы болды, оқушыларға тек жақсы көңіл күй сыйлап қана қойған жоқ, сонымен бірге ой да сала білді.
31.01.24 күні Дабинова Альмира «Салауатты өмір салтын насихаттау» атты 9 сыныптар арасында сыныптан тыс шара өткізді. Шара сайыс форматында болды. Сайыс барысыда оқушылар салауатты өмір аслатын насихаттайтын жарнама сурет салды, алғашқы көмек әдістерін көрсетті. Кім жылдам бөлімінде денсаулыққа байланысты сұрақтарға жауап берді.
Шара өзінің аты атып тұрғандай салауатты өмір салтын насихатай білді.
31 қаңтар күні Актанова Назым 8 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» атты сыныптан тыс шарасын өткізді. Сыныптан тыс іс-шара 8 «Г», 8 «М», 8 «М2» сыныптарынан 5 оқушыдан қатысқан сайыс түрінде өтті. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Мақсаты: оқушылардың химия пәнінен қызығушылықтарын арттыру, білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу. Сайыс нәтижесінде 8 «м» сыныбы жеңімпаз атанды.


2 ақпан күні Айтахметова Құралай 8 г сыныбында «Демографиялық мәселелер» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында шығармашылық жоба әдісі қолданылды. Сабақтың бекіту және үй тапсырмасын сұрау бөлімдерінде JOITEKA және QUIZIZZ платформалары қолданылды. Сабақ мақсатын жетті, оқушылар демографиялық саясат, халық санының аруы мен азаюы себептерін анық түсіне алды
2 ақпан күні Социалов Дәулет 8 М-1 сыныбында «Электртерістілік. Ковалентті байланыс» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты-электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру.Сабақтың артықшылықтары: сабақта жаңа технология элементтері, соның ішінде модульдік оқыту технологиясының элементтері қолданылды. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру мақсатында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Сабақ өз мақсатына жетті, химиялық байланыстың түзілу механизмін оқушылар меңгерді.
2 ақпан күні Игисинова Шынар 9 м сыныныпта «Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта жасырын сурет, ғажайып дөңгелек, «ойлан тап бөліс» әдістері қолданылды. Сабақ барысында оқушыларға еліміздің ұлттық құрамының ерекшеліктері мен қандай діндердің басым екені жайлы толық қанды ақпарат берілді.. Барлық қолданылған әдістер тиімді болып, оқушылардың танымдық белсенділіктері жоғары екені байқалды
5 ақпан күні Игисинова Шынар 7 сыныптар арасында «Қызықты география» атты сайыс өткізді. Сайыс барысында қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, оқушылар оларды орындау барысында өз білімдерінің жақсы деңгейде екенін байқатты. Сайыста картамен жұмыс жүргізілді.
5 ақпан күні «Тұрмыстық химияның таңғажайыптары» атты сыныптан тыс сайыс өткізілді. Бұл жарыс 9-сыныптардың араласынан құралған бес топ ортасында болды. Жарыс нәтижесінде "Атомдар" тобы айқын басымдылықпен жеңді. Сыныптан тыс шараның артықшылықтары: Оқушылардың химия пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.Шара барысында қызықты мәліметтер оқылып, сұрақ-жауаптар қойылып, формулалар, тәжірибелер көрсетілді. Сыныптан тыс шараға ұсыныс:жарысты практикалық жұмыстарға негіздеп әртүрлі химиялық тәжірбиелерге өткізу ұсынылады.
5 ақпан күні Нұрланқызы Ділдә мен Кеңесбекова Эльвира 7 сыныптар арасында "46 school quiz" атты сыныптан тыс шара өткізді. Оқушыларға танымдық қабілеттерін арттыратын музыка, кино, әдебиет және ғылым салаларынан сұрақтар қойылыып, дұрыс жауаптар алынды.

6 ақпан күні Тугельбаеа Арай 9 ж1 сыныбында «Дүниежүзі халқының миграциясы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: дүниежүзі, Қазақстан көші-қонының негізгі бағыттарын анықтап, картадан көрсетеді, себеп-салдарын түсіндіреді. Көші-қонға байланысты мәселелерді анықтайды, шешу жолдарын қарастырып баға береді
«Сәйкестендіру», "Мағынаны тану", «Кесте сөйлейді», «SWOT - талдау», «4 Қ» әдісі сияқты әдіс тәсілдер қоланылды. Сабақ мақсатына қол жеткізілді, оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды.
6 ақпанда Тугельбаева Арай 9 ж1 сыныбында «Дүниежүзі халқының миграциясы» атты ашық сабақ өткізді Сабақтың мақсаты: Дүниежүзі, Қазақстан көші-қонының негізгі бағыттарын анықтап, картадан көрсетеді, себеп-салдарын түсіндіреді. Көші-қонға байланысты мәселелерді анықтайды, шешу жолдарын қарастырып баға береді
Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Сәйкестендіру», "Мағынаны тану", «Кесте сөйлейді», «SWOT - талдау», «4 Қ» әдісі
6 ақпан күні «Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақ табандылықтың пайда болу себептері» атты ашық сабақты Шакаримова Ардақ өткізді. Сабақ шағын жобалар қорғау сабағы форматында өтті. Үй тапсырмасын «Таққа талас» ойыны арқылы сұралды. Оқушылар шағын жобаларында өздерінің сыныптарының физикалық ерекшеліктерін нақты зерттеп, жалпақтабандылық пен омыртқа жотасының қисаюы сияқты аурулардың алдын алу жолдарын насихаттады.. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты болып, функционалды сауаттылығы артты.

7 ақпан күні Актанова Назым 8 «м» сыныбында «Иондық байланыс» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты-иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау. Сабақтың типі аралас сабақ. Үй тапсырмасын тексеру кезінде жеке жұмыс арқылы химиялық диктант жазылып, дайын жауап арқылы тексерілді. Бұл тапсырма білу деңгейіне берілді. Жұптық жұмыс арқылы ковалентті полюссіз, полюсті байланыстарды «нүкте және айқыш арқылы» түзілу механизмін көрсетіп, типін анықтады. Жұпта өзара жұмыс қорытындысы тексерілді. Жаңа сабақты мұғалімнің қысқаша түсіндірмесінен кейін Learning Apps бойынша жұмыс жасап, берілген қосылыстардың химиялық байланысы бойынша сәйкестендірді. Топтық жұмыс арқылы иондық байланысты түзілуді «нүкте мен айқыш» арқылы модельін сызып, тақта алдында жұмыстарын айтып, бағаланды. Оқулықтан бекіту жұмысын орындап, оқушылар сабақты жоғары деңгейде ұққандарын көрсете алды. Сабақ «Білім поштасы» бойынша сабаққа ойтолғау жасады.
8 ақпан күні 5 «В» сыныбында Нұрланқызы Ділдә «Фотосинтез пигменттері. Фотосинтезге қажетті жағдайлар» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдер: тәжірибе жұмысы.топтық жұмыс,сергіту сәті, «Тез-тез тап» ойыны. Educaplay платформасы. Сабақта қолданылған әдістер тиімді болып, оқушылар фотосинтезге қажетті жағдайларымен, фигменттердің ерекшеліктерін тиянақты меңгере алды.

8 ақпан күні Кеңесбекова Эльвира 7 сыныбында «Химиялық элементтердің жіктелуі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: И.Деберейнер, Д.Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру. Сабақ барысында топтық жұмыс, білім беру платформаларымен жұмыс өткізілді. Сабақ мақсатты қол жеткізіліп барлық сабаққа қойылатын талаптар орындалды.

8 ақпан күні Дабинова Альмира 9г сыныбында «Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ бырысында топтық жұмыс, жекелей жұмыс, жұптық жұмыс ұйымдастырылды. Сабақ мақсаттарына толық қол жеткізіліп, сабақтың барлық этаптарында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. |

6 ақпан күні Құдұшева Ақмарал «Тірі ағзалардың тітіркендіргіш терге жауап беру реакциясын зерттеу» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ сабаққа қойылатын талаптарға сәйкес өтті. Қолданылған әдістер: мозайка, жұмбақ кейіпкер, тірі ағзалардың демонстрациясы жасалды. Оқушылар сабақ мазмұнын толық меңгерді, сабақ жақсы деңгейде өтті.

Жалпы алғанда ғылыми-жаратылыстану апталығын жақсы деңгейде өтті деп есептеуге болады. Жоспарланған шаралардың басым көпшілігі өткізілді. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар мұғалімдер мен оқушылардың көңілінен шығып, қойылған мақсаттар жүзеге асты. Апталықтың өту барысына жақсы деп баға беруге болады.