2021-2022 оқу жылында 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар сайысының қорытындысы.
2021-2022 оқу жылында қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңі өтті. Сайыстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылды. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады;
1 секция-қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі
2 секция-математика, информатика;
3 секция-физика, техника;
4 секция-медицина, психология;
5 секция-тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
6 секция-химия, биология;
7 секция-экология, валеология;
Бұл сайысқа мектебіміздің 12 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылар ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
р/с | Оқушының аты-жөні | Тақырыбы | Секция | Сыныбы | Оқу тілі | Жетекшінің аты-жөні | Орын |
1 | Амангелді Нұралы | Абай өлеңдеріндегі даналық ойлар | қазақ тілі мен әдебиеті; | 4 | қазақша | Курчумбаева Камила Сейткумаровна | 3 |
2 | Нұрсадық Дәмелі | Шығыс Қазақстан ақындары поэзиясындағы тәуелсіздік тақырыбы | қазақ тілі мен әдебиеті | 6 | қазақша | Елшибаева Лаура Бакытовна-ғылым және білім магистрі; Исаханова Гульназ Маликовна-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі | 2 |
3 | Қайырханов Ахмад | Ағылшын елінің мәдениетін тану арқылы тілге деген қызығушылықты арттыру | қазақ тілі және әдебиеті | 6 | қазақша | Калиева Аяулым Уалбековна | 3 |
4 | Орынбек Іңкәр | Халық емінің шипасы | медицина, психология | 3 | қазақша | Шорманова Айгуль Торехановна | 2 |
5 | Қалибекова Еркеназ | "Балбас тас"-бабамның көзі | тарих, өлкетану, этномәдениеттану | 6 | қазақша | Темирбаева Райгуль Шариповна | 3 |
6 | Талипжан Каусар | "Қара қазан" тіркесінің қолданылу ерекшелігі | тарих, өлкетану, этномәдениеттану | 6 | қазақша | Сейманова Зайра Заманбекқызы | 2 |
7 | Серік Аия | Таңғажайып слаймдар: пайдасы мен зияны | химия, биология | 4 | қазақша | Сайлыбаева Гульназий Бидахметқызы | 2 |
8 | Сайлаубаева Нурай | Султан Бейбарс -тарихи тұлға | тарих, өлкетану, этномәдениеттану | 6 | қазақша | Мухаметуалиева Гульнура Тлеукановна | 3 |
Қазақ тілі мен әдебиеті бағытында жүлделі орын алған Нұрсадық Дәмелі облыстық кезеңге өтті. Барлық жүлдегер оқушыларды құттықтаймыз!