Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Табиғатты аяла» атты плакаттар мен бейнероликтердің қашықтық форматтағы қалалық байқауы
14
июнь
2023

«Табиғатты аяла» атты плакаттар мен бейнероликтердің қашықтық форматтағы қалалық байқауы

2023 жылдың 5 маусым күні «Табиғатты аяла» атты плакаттар мен бейнероликтердің қалалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Байқаудың міндеттері:

- қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;

- білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;

- еліміздің жас тұрғындарына экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;

- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

Байқауға екі номинация бойынша  5-8 сынып оқушылары қатысты:
 - «Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбындағы үздік бейнеролик»;
 - «Су ресурстарын қорғау тақырыбындағы үздік плакат».
 Конкурсқа  мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Қабылқан Нурали жоғарыда аталған «Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбындағы үздік бейнеролик» номинациясы бойынша  «Бір пакеттің хикаясы» атты жобасымен бейнеролик ұсынды.
 «Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбындағы үздік бейнеролик» номинациясы - қалдықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және оларды дұрыс өңдеуді үйрету, мектеп оқушыларын қалдықтарды бөлек жинауға ынталандыру мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау бойынша бейнеролик байқауы.
 Аталмыш сайыста Қабылқан Нурали Ержанұлы "Жас режиссер" номинациясы бойынша мадақтама және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Нуралиді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив