«Қалдықтан жасалған сән үлгісі – 2022» экологиялық дефиле байқауы
2022 жылдың 21 желтоқсан күні «Қалдықтан жасалған сән үлгісі – 2022» қалалық экологиялық дефиле байқауы өтті.
Байқау мақсаты:
- Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау идеясы:
- оқушыларға өзіндік модельдеу, дайындау және экологиялық-ағартушылық жұмысқа қатысу арқылы қалдықтарды өзгеше түрде кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіс мүмкіндігін беру.
Байқау міндеттері:
Экологиялық дүниетаным мен ойлауды қалыптастыру;
-экологиялық білім берудің субъектілік-ақпараттық өрісін кеңейту;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- тәрбиеленушілер мен оқушылардың назарын қаланың экологиялық мәселелерін бірлесіп шешуге аудару.
Аталмыш байқауда 9М сынып оқушылары Амангельдина Айым, Кәрімуратова Жанель, Еркінбекова Айдана дефиле байқауына қатысып, келесі номинация бойынша:«Тәуелсіздік күніне арналған костюм немесе көйлек»
«Ертегі кейіпкерінің ең үздік костюмі» Гран-при жеңіп алды!
Дайындаған технология пәні мұғалімдері: Чабиева А.С, Аубакирова А.М
Құттықтаймыз!


