Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » География пәні мұғалімі: Тугельбаева Арайлым Тугельбайкызы
26
октябрь
2021

География пәні мұғалімі: Тугельбаева Арайлым Тугельбайкызы

         Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. Сондықтан өз сабақтарымда оқушының  білім-білік дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін «Креативті матрица», «Ой қозғау», «ДЖИГСО», «SWOT талдау» т.б әдістерді қолданамын. 

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ұйымдастырған «География пәні сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» атты шебер-сабақ

Күні

05.10.2021ж

Топ

ШҚУ, география мамандығы бойынша 4 курс студенттері

Сабақ тақырыбы

Экологиялық таза өндірісті жобалау

Сабақтың мақсаты

Таза өнім туралы ақпараттар жинақтау арқылы, экологиялық таза өндіріс орындарын білу, экологиялық таза өндіріс орындарын маңыздылығын талдау және аймақтық компонент негізінде таза өндірістік жобаларды ұсыну

Бағалау критериі

Экологиялық таза өнімдер мен экологиялық таза өндірісті біледі, экологиялық таза өндіріс орындарын талдайды,  экологиялық таза өндірістің өзіндік үлгісін ұсынады

Құндылықтарды дамыту

Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру, барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.

Оқушының бойына  құрмет,  ынтымақтастық,  ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Экология, физика, экономика


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі

Педагогтің әрекеті

Басталуы

3 минут



5 минут

Ұйымдастыру шаралары. 

Психологиялық ахуал тудыру: 

 Топқа бөлу 


«Креативті матрица» әдісі арқылы қалдық білімді  тексеру

Жеке жұмыс


Кесте 1

Экологиялық проблема

Экологиялық проблеманың себебі (-тері)

Экологиялық проблеманың салдары

Экологиялық проблеманы шешу жолдары

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл


Бағалау критерийі:

-экологиялық проблеманы атайды;

-экологиялық проблеманың себебін табады;

-экологиялық проблеманың салдарын анықтайды;

-проблеманы шешудің жолдарын ұсынады.



Ортасы


6 минут



























2 минут






6 минут


































3 минут 












15 минут













Тапсырма 1 

Топтық жұмыс


«Ой қозғау» әдісі (ұжымдық идеяларды жинақтау, қарама-қайшы идеяларды ұсыну, пікір алмасу, ортақ шешімге келу)

1-топ

- Қалдықсыз өндіріс деген не ?

2-топ

-Атмосфераға зиянды қалдық шығаратын өндіріс орындарын экологиялық таза өндіріс орындарымен алмастыруға бола ма?

3-топ

 Өндіріс орындарын экологиялық таза өндіріспен алмастыру не үшін қажет?

4-топ

 Экологиялық таза өндіріс орындарын дамыту үшін мемлекетімізде қандай іс- шаралар жүргізілуде?

Бағалау критерийі:

- қалдықсыз өндіріс ұғымын анықтайды;

-өндіріс орындарын экологиялық таза өндіріс орындарымен алмастыруға болатындығына дәлел келтіреді;

 -өндіріс орындарын экологиялық таза өндіріспен алмастыру қажеттілігін түсіндіреді;

- экологиялық таза өндіріс орындарын дамыту үшін мемлекетімізде жасалып жатқан шараларды атайды.


Тапсырма 2 

Жұптық жұмыс.

2 минутта анықтама құру қажет

Экологиялық таза өндіріс- дегеніміз не? 

Экологиялық таза өнім деген не? 


Тапсырма 3 

Топтық жұмыс


Экологиялық таза өнім шығаратын әлемдік компанияларға SWOT талдау жасау

1-топ IKEA

2-топ NIKE

3-топ Johnson & Johnson

4-топ Schott



Бағалау критерийі:

- күшті жақтарын анықтайды;

- әлсіз тұстарын анықтайды;

мүмкіндіктерін көрсетеді;

- қауіп-қатерлерін көрсетеді .


Видеоматериал көрсету

Тапсырма 4

Топтық жұмыс


Экологиялық таза өндіріс орнын жобалау критерийлерін құру

  1. Экологиялық таза табиғи шикізатты (материалды) пайдалану
  2. Тұтыну барысында денсаулыққа зияны болмау
  3. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияны қолдану
  4. Сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес болу керек


Бағалау критерийі:

- экологиялық таза өндіріс орнын жобалау критерийлерін құрады.


 Тапсырма 5 

Топтық жұмыс


Студенттер өздері құрған критерийлерге сәйкес, Қазақстан немесе Шығыс Қазақстан бойынша  экологиялық таза өндіріс орындарын жобалайды.

  • Құрылыс материалдары өндірісі
  • Экологиялық таза     азық-түлік өндірісі
  • Экологиялық таза отын өндірісі
  • Экологиялық таза киімдер өндірісі


Бағалау критерийі:

Экологиялық таза табиғи шикізатты (материалды) пайдалану;

- Тұтыну барысында денсаулыққа зияны болмау;

- Қалдықсыз және аз қалдықты технологияны қолдану;

- Сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес болу керек.


Тапсырма 6

Бүгінгі таңда экологиялық таза өнімдерді өндірудің басты кедергілері қандай екен?


Аяқталуы

5 минут

Кері байланыс: «3-2-1» әдісі арқылы


Бүгінгі сабақ бойынша есінде қалған 3 нәрсе...

Жақсы түсінген 2 нәрсе.....

Пайда болған 1 сұрақ..... 


Бағалау: Берілген критерийлер арқылы 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив