11
ноябрь
2020
Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
Бастауыш бірлестігі жиналысында онлайн оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы айтылды, мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен ой бөлісті.
1.Исмагулова Т.З google формамен тест жасаудың жаңа тақырыпты, бөлімді қайталау барысында өте тиімді екенін айтып өтті. Бұл форма арқылы жабық, ашық сұрақтар құрастыруға болатынын, оқушылардың жұмысын жеке тексеріп уақыт алмайтынын, олардың жауаптары кестеде көрініп тұратынын көрсетті.
2.Кенжеханова К.К Free Cam бағдарламасы арқылы видео-сабақ берудің балаларға және ата-аналарға тиімді әрі ыңғайлы екенін айтып өтті. Сабақтар YouTube каналына салынып, WhatsApp желісіне сабақтың сілтемесі жіберіліп, сол арқылы оқушылар тапсырмаларды орындайтынын айтты.
3.Сондай-ақ, оқу ісі меңгерушісі Каирбаева Е.Е алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Функционалды сауаттылық, математикалық сауаттылыққа көңіл бөлінетінін ескертті.