11
ноябрь
2020
Күзгі демалыстағы мұғалімдердің семинар-практикумы
2020 жылы 10 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ бойынша даму бірлестік мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі меңгерушілері Б.М.Кожикова, М.А. Аубакирова қатысты, сонымен қатар сегіз пән мұғалімдері қатысты. Әдістемелік бірлестігі бүгінгі күннің өзекті тақырыбында жұмыс жасады: Қашықтықтан оқытуда көркем еңбек, дене шынықтыру,музыка,АӘД сабақтарын қалай өткіземін? Оқытудың бұл түрі көпжылдық өтілі бар мұғалімдер үшін тосын болған жоқ, бірақ соған қарамастан олардың әрқайсысы ең қысқа мерзімде әр түрлі IT технологияларды өз бетімен үйренуі керек болды, ал бүгін әрқайсысы қашықтықтан оқытудың өзіндік тәжірибесін ұсынды, Онлайн-мектеп платформаның мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы өз пікірлерін білдірді.
Чабиева Г.С. жаңа материалды түсіндіру кезінде әр сабаққа қалай презентация құруға болатындығы шығармашылық жұмысты орындау дағдыларын дамыту үшін қандай тапсырмаларды қолдану керек жайлы тоқталды. Тапсырмалар қызықты және шығармашылық бағытта әзірленіп. мұғалім әр сабақта рефлексия мен кері байланыс жүргізілетінін айтып өтті. . Online-Mektep платформасында бейне сабақтардың қолданылуы туралы айтып берді, осы платформа ресурстарының жағымды жақтарын атап өтті.
Сағдолдина Ү.Ж өз сөзінде – оқушылармен дене шынықтыру дағдыларына тоқталды. Қашықтықтан оқыту барысында мұндай платформаларда Online-Mektep, WhatsApp және ютуб желісінен сілтемелер арқылы тапсырмаларды жіберіп сабақ өткізу тиімділігін айтты.
Акрамханова Қ.Қ оқушылармен дене шынықтыру сабағын онлайн мектепте оқыту әдіс-тәсілдерін көрсетті. Online-Mektep, WhatsApp және ютуб желісінен сілтемелер арқылы тапсырмаларды,жаттығуларды видео арқылы жүктеп кері байланыс жасау әдісін көрсетті және видео сабақ өткізу тиімділігін айтты
Нысаинов Р. дене шынықтыру сабағын ватсап арқылы видео сілтемелерді жіберу ,кері байланыс жасау ыңғайлы екенін айтып өтті .Қолданатын платформалар Online-Mektep, WhatsApp және ютуб желісінен сілтемелер арқылы тапсырмалары беріледі , кері байланыс жасалады.
Елубаева Р.Ж Online-Mektep платформасында бейне сабақтардың қолданылуы туралы айтып берді, осы платформа ресурстарының жағымды жақтарын атап өтті.Ватсап желісі арқылы бейне түсіндіру, аудиоматериалдар, видеоматериалдарды қолданып жұмыс істейтінін көрсетті.Оқушырдың тапсырмаларды видео арқылы көріп кері байланыс жасайтынын айтты.
Шешім қабылданды: 2-тоқсанда Online-Mektep –те жұмысты жалғастыру, осы платформаның барлық мүмкіндіктерін пайдалану.