02
ноябрь
2023
2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 1 қарашасында Өскемен қаласында «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Облыстың барлық аймақтарынан келген 350-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 12 секция бойынша конкурсқа қатысты.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өздерінің жұмыстарын ұсынды.
Облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.
Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 3 оқушысы өз жобаларын ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша 5-сынып оқушысы Маратова Айсулу, "Алдар Көсе мен Робин Гуд аңыздарының үндестігі" атты жобасымен облыс көлемінде жүлделі І-орынды иеленді. Жоба жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Оразгалиева Мадина Мұратқызы.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпазды, мұғалімді және ата-аналарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Республика кезеңінде табыс тілейміз!