Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың әлеуетін дамытудың негізі» атты әдістемелік көмекші құралдың тұсау кесу рәсімі
22
май
2023

«Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың әлеуетін дамытудың негізі» атты әдістемелік көмекші құралдың тұсау кесу рәсімі

2023 жылдың 18 мамыр күні мектебімізде «Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың әлеуетін дамытудың негізі» атты әдістемелік көмекші құралдың тұсау кесу рәсімі өтті. Осы жылдың 6-қаңтарында мектебімізде облыстық педагогикалық шеберхана өтті. Осы шеберханада қозғалған басты тақырып  -дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің тиімділігін, мектеп педагогтерінің тәжірибелерін облыс көлемінде тарату мақсатында әдістемелік көмекші құрал шығарылды.  Салтанатты іс-шараға мектеп директоры Ауганбаева Г.Б., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жақсылыкова Г.И., Құсайын Д.Б.,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының курс тыңдаушылары және мектебіміздің ұстаздары қатысты. Арнайы келген қонақтар ізгі лебізін жеткізіп, құттықтау тілек білдірсе, «Аққу арман» би тобының жас бишілері  көптің көңілін серпілтті. Әдістемелік-көмекші құралдың авторлары Ауганбаева Г.Б., Жаксылыкова Г.И., Құсайын Д.Б., Мухаметрахимова Р.Ж., қорытынды сөздерінде, дарынды балаларды таңдап және оларды шығармашылық жолға бағыттау жолында, ұстаздарға  арналған маңызды  құрал  екенін атап кетті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив