15
ноябрь
2022
"Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту факторы" атты семинар қорытындысы.
Балалар бойындағы дарындылықты анықтау-ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Дарынды баламен жұмыс барысындағы мұғалімнің мақсаты -дарынды баланы анықтау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Осыған орай, 11 қараша 2022 жылдың "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жақсылыкова Г.И., Құсайын Д.Б мектебімізде "Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту факторы" атты оқу семинары өтті. Пән мұғалімдері қабілетті, алымы жоғары оқушылармен сабақтың өң бойында тиімді жұмыс жасаудың жолдарымен танысып, пікір алмасты.






