07
ноябрь
2022
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындысы.
04 қараша 2022 жылы күні 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурстың негізгі міндеттері: - зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; - оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым қатынастарын ұйымдастыру; - қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару. Облыстық кезеңге 6 жоба жұмысы қатысты. Нәтижесі төмендегідей:
1 орын-12 орын-1
Сертификат -4
Сапа: 33 %
"Коммерциялық су мен табиғи судың өсімдік физиологиясына әсері" атты жобамен Қыдырмоллақызы Нұрбибі қатысып жүлделі ІІ- орынды иеленді. Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі Дарменова С.К

