Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың инттелектуалды әлеуетін дамыту факторы" атты ғылыми-әдістемелік семинар.
04
октябрь
2022

"Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың инттелектуалды әлеуетін дамыту факторы" атты ғылыми-әдістемелік семинар.

04.10.2022 жылы күні "Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту факторы" атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. 

Ұйымдастырушылар:

«Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы ШҚО бойынша кәсіби даму институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің оқыту әдістемесі» кафедрасы. 

Қатысушылар: Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтері  

Модераторлар:

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушылары Жаксылыкова Г.И Құсайын Д.Б.

Мақсаты: 

1.Талантты және дарынды оқушыларға арналған зерттеу нәтижелерін ой елегінен өткізіп, пысықтау.

2.Талантты және дарынды оқушылардың қажеттіліктеріне сай келетін  бағдарламасы бойынша оқу стратегияларын «тереңдету» туралы білім, білік, дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижесі: талантты және дарынды оқушыларға арналған тиімді нұсқаулардың мәнін түсінеді; талантты және дарынды оқушылар үшін тапсырмаларды қалай дайындау және өзгерту қажеттілігін үйренеді.

       Семинар үш бөліктен тұрды. Теориялық бөлім барысында қатысушылар  талантты және дарынды балалар туралы ойларымен бөлісіп, эмоционалды жағымды ахуал туғызды. Практикалық бөлім барысында «жеке дағдыларды өзіндік бағалау», жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды анықтайтын сегіз өлшем,  «тереңдетілген тапсырмалардың талдамалы кестелері», әлемді тануда оқуды жетілдіру үшін АКТ – ны қолдану ресурстары беріліп, мұғалімдер  өз тәжірибелерін ортаға салып, алға қойған мақсат-міндеттерін сәтті орындады. Талантты және дарынды оқушыларға арналған тиімді нұсқаулардың мәнін түсініп,  тапсырмаларды қалай дайындау және өзгерту қажеттілігін үйренді.
   Қатысушылар қорытынды бөлімінде семинарды жоғары деңгейде өткенін көрсетті, барлық тыңдаушылар оны ұйымдастыру және өткізу формасы туралы оң пікірде болды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив