Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Абайды оқы,таңырқа!» 3Г сынып ашық сабағы
19
февраль
2020

«Абайды оқы,таңырқа!» 3Г сынып ашық сабағы

Сабақ жоспары

Танымдық сайыстың тақырыбы: «Абайды оқы,таңырқа!»
 
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін ексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту. 
 Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
 Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд.
 Өту барысы:

Видеоролик .
 
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
 Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
 Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
 Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
 Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.

Сол Абай атамыздың биыл 175 Жылдық мерей тойы. 
 Ендеше құрметті оқушылар, сайысқа қатысушы жас Абайтанушы достар, сендерге бүгінгі сайыста тек алға дегім келеді.

1. Тапсырма: Абай ата туралы не білеміз?

Кубизм әдісі

4- топқа 4 –түрлі тапсырма.

1. Абай ата кім?
2. Абай өлеңдері
3. Абай әндері
4. 5- жолды өлең

Видеоролик .

2. тапсырма : мәнерлеп оқу сайысы
3. тапсырма: Бәйге

Қыс тобы 


1. Абайдың шын аты (Ибраһим)

2. Абайдың руы (Тобықты)

3. Абайдың кішкентай кезінде Телғара деп аталу себебі? Ұлжан мен Айқыздың ортасында өскен.

4. Абайдың Әжесі кім? Зере

5. Абайдың жеті атасын ата (Құнанбай, Өскенбай, Ырғызбай, Айдос, Томан, Тобықты, Арғын)

6. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

7. Табиғат лирикасы ішіндегі ең алғышқы жазылған өлеңі. («Жаз»)

8. Абай «Ескендір» поэмасын кімге арнап жазады? (Александр Македонский)

9. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

10. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)


Күз   тобы 


1. Абайдың шешесі кім? (Ұлжан)

2. Абай қай жылы қайтыс болды? (1904ж.)

3. Абай жолын жазған кім? (М.Әуезов)

4. Мағауия Абайға кім болады? (Ұлы)

5. Абай қай жылы дүниеге келген? (1845)

6. Абай қай жерде дүниеге келген? (Жидебай)

7. Абай өлеңдерін жинап, баспаға ұсынған кім? (Кәкітай Ысқақұлы)

8. Абайдың аяқталмаған поэмасы? («Әзімнің әңгімесі»)

9. Абай өлеңдері басылып тұрған тұңғыш газеттің аты. («Дала уәлаяты»).
10. Абай оқыған медресе. («Ғабұл-Жаппар», «Ахмет- Риза»).

Көктем тобы
1. Абай қазақтың бас ақыны деген кім? Байтұрсынов
2. Абайдың мұражайы қай жерде? Семейде
3. Абайдың неше поэмасы бар ? 3
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы? Ғабитхан
5. Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырды? Көкбай
6. Абайдың жолын қуған ұлдары? Әбдірахмен, Мағауия.

7.Абай өлеңдерін баспаға ұсынған кім? Кәкітай
8. Биыл Абайдың неше жылдығы тойланғалы тұр? 175ж.
9. Абайдың қанша әні бар? 20 шақты
10. Абай жақсы көрген кәсіп? Саятшылық пен мергеншілік.

 Жаз тобы
1. Абай кімдердің шығармаларын аударды? Крылов,Лермантов,Пушкин 
2. Абай жақсы көрген ұлттық ойын. Тоғызқұмалақ. 
3. Шәкәрім Құдайберді Абайға кім болады? Ағасының баласы
4. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? 1909, Санкт-Петербургте.
5. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? 13
6. Ақын неше жыл өмір сүрген? 59
7. Абай Семейде білім алған медреселер? Ахмет Риза, Ғабул-Жаппар.
8. Абай Семейде 3 ай қандай мектепте оқыды? Приходьская школа
9. Абайдың әкесі? Құнанбай
10. Абай неше ағайынды болған? 7. Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл.

 Сергіту сәті: Ән «Желсіз түнде жарық ай»

4- тапсырма: «Жалғасын айт»


20 б. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті.
 ...................................................... ( Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
 20 б. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
 ...................................... ( Еңбегің мен ақылың екі жақтап.)
 30 б. Әсемпаз болма әрнеге
 Өнерпаз болсаң арқалан.
                                            Сен де бір кірпіш дүниеге
 ......................................... ( Кетігін тап та, бар, қалан..)
 10 б. Досы жоқпен сырлас,
 .......................................... ( Досы көппен сыйлас.) 
 
 20 б. Ақырын жүріп, анық бас. Еңбегің кетпес далаға.
 .............................................................. ( Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.)
 20 б. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
 ............................................................. ( Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.)
 10 б. Толғауы тоқсан қызыл тіл,
 .................................................. ( Сөйлеймін десең өзің біл.)
 10 б .Еңбек етсең ерінбей,
 ................................................. ( Тояды қарның тіленбей.)

10 б . Жасымда  ғылым бар деп ескермедім

-----------------------------------Пайдасын көре тұра тексермедім Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім

30 б. Бес нәрсеге асық бол...  

---------------------------------------

Талап еңбек, терең ой,

 Қанағат, рақым, ойлап қой -  

Бес асыл іс көнесеңіз.
10 б. Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

---------------Еріншек, бекер мал шашпақ. 

                   Бес дұшпаның білсеңіз.
 
 
40 б. Қайрат пен ақыл жол табар

                                                Қашқанға да қуғанға

----------------------------------- Әділе шапқат кімде бар

                                               Сол жарасар туғанға

40 б. Құлақтан кіріп бойды алар

----------------------------- Әсем ән мен тәтті күй

                                       Көңілге түрлі ой салар

                                       Әнді сүйсең менше сүй

10 б. Атаңның баласы болма,

------------------------------- адамның баласы бол

40 б . Ақылмен ойлап білген сөз, 

-----------------------Бойға жұқпас сырғанар.

                             Ынталы жүрек сезген сөз,

                             Бар тамырды қуалар.
 
 30 б. Ғылым таппай мақтанба

        -------------------------------- Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

4. тапсырма : Ата-ана сайысыӘр сөзінде астарлы ой тұрады.
 Оқысаң, ашылады ой тұманы.
 Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
 Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
 Қазақтың асқан кемелі
 Жұрттың қамын жеп еді,
 Ақынның рухы өлмейді, 
 Абай – ұлы себебі! Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамны
ң баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Әділ –қазылардың бағалауы.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив