05
июнь
2018
Жемқорлыққа жол жоқ
Жемқорлыққа жол жоқ
Мамыр айында 8-10 сынып оқушыларына «Жемқорлыққа жол жоқ! » атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі керек деген сөздер тілге тиек болды. Оқушылар Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты жолдауымен танысты. Сынып жетекшілері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оларды таза және адал еңбек етуге шақырды.