Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№46 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандар мен тәлімгерлер отырысы №4
19
май
2023

Жас мамандар мен тәлімгерлер отырысы №4

Жас мамандардың жетекшісі, оқу ісінің меңгерушісі Аубакирова М.А  ұйымдастырумен 19.05 күні жас мамандар мен тәлімгерлердің кезекті отырысы өтті. Тәлімгерлер Бабатаева Ч.М мен Насилова З.Е “Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың түрі мен әдісі” тақырыбында әдістемелік семинар өткізіп, жас мамандармен тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында жас мамандар оқушылардың білімін бағалау мен тексерудің түрлі әдістерін, “Классрум” әдісі арқылы оқушымен байланыс жасау жолдарын және kundelik.kz сайтындағы тапсырма ұсыну бөлігімен танысып, көптеген жаңа ақпараттармен тәжірибелерін толықтырды. Жас мамандар мен тәлімгерлер сергіту сәтінде нейро жаттығулар жасап, “Бас,қол, жүрек” әдісі арқылы кері байланыс беріп, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Әдістемелік семинар жас мамандар үшін қызықты, әрі пайдалы отырыс болды.
https://youtu.be/iu5g4DA3AXo