12
ноябрь
2020
Жас мамандар отырысы
2020 жылдың 12 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 46 орта мектебі" КММ бойынша "Жас мамандар мен тәлімгерлер" отырысы өтті. Жоспар бойынша «Сабақты жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізудің әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта тәлімгерлер: Мусинова А.М. Дәрменова С.К. құнды ақпарат беріп, жас мамандар Мұсабекова Толқын, Оңласынова Айерке І тоқсан бойынша атқарған жұмыстарына есептерін берді. Келесі кезекте "Жас мамандар мектебіне" басшылық жасайтын оқу ісі меңгерушісі М.А. Аубакирова жас мамандар мен тәлімгерлерге әдістемелік көмек,арнайы жинақталатын құжаттардың тізімімен оларға қойылатын талаптармен таныстырды.




