Математика пәні мұғалімі: Амирова Карлыгаш Жамбазаровна

Өткізу мерзімі | 26.04.2018ж |
Білім беру ұйымының атауы | Шығыс Қазақстан Облысы Білім Басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
Педагогті ТАӘ | Амирова Карлыгаш Жамбазаровна |
Атқаратын лауазымы | Математика пәні мұғалімі |
Еңбек өтілі | 34 жыл |
Біліктілік санаты | Педагог-зертеуші |
Пән | Математика |
Сынып | 9 М сынып |
Оқыту тілі | Қазақ тілі |
Қысқаша талдау | Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін және тригонометриялық формулалардың қолдануын қайталау Оқу мақсаты: Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін және тригонометриялық формулаларды қолдануын қайталау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау. Көңіл-күйін көтеру Топқа бөлу: Түрлі-түсті қима қағаздарда бұрыштардың градустық шамалары жазылған. Мысалы: 43; 130; 252... Бұрыштардың ширегіне байланысты 4 топқа бөлемін: 1- «Синус», 2-«Косинус», 3-«Тангенс», 4-«Котангенс». Психологиялық дайындық: Оқушылар бес бармақтарын сәйкестіріп: -Мен бүгінгі сабақта сіздерге сәттілік тілеймін І. Слайд бойынша үй тапсырмасын тексеру ІІ. «Миға шабуыл» Өтілген бөлім бойынша материалды қайталау. Топтар өз тобының атауына байланысты қайталау жүргізеді. Сәйкес тригонометриялық функцияның қасиеттерін сипаттайды. (топпен) Геогебра программасы бойынша функциялардың графиктерін салу, графигі бойынша мәндерінің облысын атау (жұппен) 1-топ: у, 2-топ: у 3-топ: ух 4-топ: у 2 ІІІ. Сәйкестендіру «Сыңарын тап» Формулаларды сәйкестендіру (жұппен) Нәтижесінде құпия сөз шығу керек ІV. «Ойлан, жұптас, талқыла» (топпен) Тепе-теңдіктерді нұсқаулықтың көмегімен қорытып шығару. Бұл теңдіктерді формула ретінде қабылдау. ҰБТ кездесетін теңдіктер. Тапсырма (жаңа формулаларды қолдану) V. Сергіту сәті: (математикалық сауаттылықтан логикалық есеп шығару) VI. «Ұшқыр ой» Деңгейлік тапсырмалар: АВС (топпен) Джигсо (4 топқа бірдей 5 есеп. Сәйкес есептердің нөмірі бойынша сарапша топтар -5 топ құрылады) Дескриптормен тексеру (топ тексереді) VII. Тест (kahoot) VIII. Тригонометрияны қолдану Әр топ интернет-ресурстан дайындаған мәліметті айтады IX. Үй тапсырмасы: үйдік бақылау жұмысы Кері байланыс: «5-5-1» стратегясы бойынша: 1 топ: 5 сөйлем - бүгінгі сабақта не үйренгені, не алғаны туралы, қалай жұмыс істегенін, не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіреді 2 топ: 5 сөйлемді 5 сөзбен жеткізеді 3,4 топтар: 5 сөзді 1 сөзбен жеткізеді «Жетістік баспалдағына» түрлі-түсті қима қағаздарын іледі (жинаған балдары бойынша) |





