Физика пәні мұғалімі: АбдугожановаГульшат Советханқызы
Облыстық мектеп директорларына арналған семинарда өткізген
ашық сабақ
Өткізу мерзімі | 17.02.2019ж |
Білім беру ұйымының атауы | Шығыс Қазақстан Облысы Білім Басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
Педагогті ТАӘ | АбдугожановаГульшат Советханқызы |
Атқаратын лауазымы | Физика пәні мұғалімі |
Еңбек өтілі | 35 жыл |
Біліктілік санаты | Педагог-зертеуші |
Пән | Физика |
Сынып | 8 Ә сынып |
Оқыту тілі | Қазақ тілі |
Қысқаша талдау | Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.Виртуалды лабораториялық жұмыс. Оқу мақсаты: 8.4.2.10 Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін сұрау.Сынып ішіндегі тазалықты қадағалау. ІІ. Ой қозғау: «Ассоциация әдісі».Өткен сабақта қарастырылған тақырыпты еске түсіру. І. Қызығушылықты арттыру: Суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашу.Жаңа сабақтың оқыту мақсаты, бағалау критерийлері мен физикалық терминдерімен танысу. Негізгі кілт «Тізбек», сөзі түралы айтып сабақтың оқу мақсатымен таныстыру. «Qiezlet» бағдарламадағы ойын түрі-сәйкестендіру, карточкамен жұмыс. ІII. Жұптық жұмыс. Флипчатпен жұмыс: Қызықты иллюстрациялар мен танысып әр турлі Ом заның есте сақтау тәсілдерімен танысады.Откізгіштерді тізбектей және параллель қосутақырыбына ауызша есептерді шығарады. IV. Практикалық бөлім.Виртуалды зертханалық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы зертханалық жұмыс жасайды.«Phet» бағдарламасы көмегімен зертханалық жұмысты жасап,тәжірибені орындап кестені толтырып,керекті шамаларды анықтап оқушылар өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтайды.Жұмыстың қорытындысын өздері жасайды. «Bilimland» платформасындағы тапсырмаларды орындап, өз білімдерін бекітті. V. Қорытындылау. “БББ” кесте арқылы сабақ қорытындысы жасалды. VI.Үйге тапсырма. Бағалау. Оқушылардың дәптерлері тексеріліп,ұпайлары кунделіке қойылды |




