Телефоны приемной:
+7(7232) 74-24-95
+7(7232) 74-24-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Чабиева Гаухар Сабырбековна
26
февраль
2022

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Чабиева Гаухар Сабырбековна


Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігі

«№ 46 орта мектебі» КММ

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Чабиева Гаухар Сабырбековна


«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ  БАҒАЛАУДЫҢ

ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ


Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі.

Жас жеткіншектерді еңбекке баулымай оларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін XIX ғ. әйгілі педагогтар И.Песталоцци, Р.Оуэн, К.Д.Ушинскийлер дәлелдеген.

Ал қазіргі таңдағы бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту ясында «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай, балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор.   

«Қөркем еңбек» пәнін оқыту үдерісіне қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдыларына бейімдейді.

Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін  бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізуді қолданамын. Бұл  әрекет оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


Пән 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны: «Дизайн және технология »  бөлімі

Мектеп: 

Мерзімі: 

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Тоқыма материалдарын өңдеуге  арналған құрал-жабдықтар

Сабақ мақсаты


 Тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау.

Тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, сипаттай  алу және қолдану.


Бағалау критерийлері 


Білім алушы: 

Тігін машинесі құрылысын зерттейді. Машина тігістерін

орындайды.


Тілдік     мақсаттар

Терминдер:

Бұйым,пішу,өңдеу,сәндеу 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 

Мен оны......... материалдарынан орындаймын.

Мен ...керек құрал – жабдықтарды қолданамын

Бұл жұмыстың ерекшелігі........


Құндылықтарды қалыптастыру/ 

Еңбек пен шығармашылық

Оқушыларды жалпы еңбек пен шығармашылық қабілетті белсенділігін құштарлығын ояту.

Өз жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігін артыру, жұмысқа деген құштарлық, ең жоғары нәтежеге қол жеткізу. 

Пәнаралық байланыс

    Сызу, геометрия

Ресурстар 

Бағдаршам әдіс, бас бармақ





Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері 

Мұғалімнің іс-әрекеті 

(мақсатқа қалай қол жеткіземін?/ 

Оқушының іс-әрекеті 

Бағалау (әдіс-тәсілдер/ 

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин 












10мин

 1.Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері»     әдісі

Мақсаты: оқушылардың бойында идея немесе тілек білдіру     тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау,сондай ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту

«Шаттық шеңбері»  әдісін қолдананып, психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушылар бір-біріне жақсы тілек айта отырып қолдарындағы  маталардың фигураларына қарай үш  топқа бөлінеді

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Ауызша бағалаймын мадақтау арқылы


АКТ қолдандым

Жабық) Сұрақтар:

Тігін машинесін не үшін қолданамыз?...................

ЫЖӨ ретілігі...............?

Үтікті қолдану ережелеріне-……..?

Машине табаны қандай қызмет атқарады ………?


Топтық жұмыс:

1-тапсырма:Көрсетілген заманауи тігін машиналарын үлгілерін атап сипаттаңыз

Критерий: заманауи тігін құрал-жабдықтарын анықтамаларын біледі.

Ойлау дағдыларының денгейі; білу,түсін

1.топ :Өндірістік машина

2.топ: Тоқ машина

3.топ: Торлау машина

Дескриптор.    Білім алушы:

Тігін машинесінің құрылымын анықтайды;

Топ ішінде құрылғылардың бөлшектерін талқылайды;

Бөлшектердің атқаратын қызметттерін анықтайды;

Қажетті жазбаларды жүргізеді, нобайын салады;

Әр топ өз тапсырмалары бойынша машина түрлерін атап сипаттама береді

Сабақтың соңында оқушылар жасаған жұмыстарына талдау жүргізеді және қандай жұмыс жақсы атқарылды ал, қай жұмысты жақсарту керек екендігіне белгілер (рефлексия) жүргізеді,

сұраққа жауап беруде мұғалім көмек қажет ететін оқушыға тапсырманы қарапайым түрінде түсіндіріп береді


Бағалау 

тәсілі арқылы

оқушылардың практикалық тапсырмансын қаншалықты дұрыс және түзу  тігуін қадағалау


Бас бармақ арқылы бағалау


Қажеттілігіне қарай –матадағы пішім жайылмасы кезеңдері бойынша бейнеленген  көрнекі суреттер

Негізгі бөлім

25 мин

Жеке жұмыс

2-тапсырма   

Практикалық тапсырма

Оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтап, қажетті құрал- жабдықтарды пайдалана отырып  тігінм машинасын қолданып , пішімдерді машина тігісінен өткізеді, машина  тігісі түрлерін ажырату

Критерий: заманауи тігін құрал-жабдықтарының түрлері мен  тігін  машинасын қолдана алады. 

Ойлау дағдыларының денгейі; қолдану     айқас,  көшірме, торлау,            ілмек тігістері. 

Дескриптор: 

  • оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтап, тігін машинасымен жұмыс жасайды;
  •  тігіс түрлерін тігіп үйренеді;
  • Тігін машинасмен пішімдердің шетін торлап  өңдейді;

«Барлық оқушылармен жұмыс»  әдісі

Мақсат: бұл жұмыс түрі барлық оқушылар бір мезгілде жұмысқа жұмылдыруын қамтамасыз етеді.

- сарамандық жұмыс жасады

- машина тігісін тігу әдісін үйренді

- тігін машинасында өздігінен жұмыс жасауды үйренді.



Сарамандық жұмыста оқушылар берілген уақытта шектеп жұмыс жасайды


Берілген тапсырма арқлылы оқушылардың кейбірі тапсырманы орындау қарқыны жылдам оқушыға қосымша тапсырма беріледі,тапсырманы     түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыға біршама уақыт беріледі.




«Бағдаршам» әдіс


Жасыл-мақсатқа қол жеткізді, сенімді алға жүреді.

 Сары     -біршама алға жылжу бар, алайда сенімсіздік бар кеңес көмек сұрайды.

Қызыл-  жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол тұралы мұғалімге мәлімдейді



Мата, көшіргіш қағаз,  бор, сабын. Қарындаштар, маркерлер, кескіш- дөңгелекше,қайшы.




Сабақ соңы /

5мин 











 2мин

Кері байланыс

 «Сурақ жауап» әдісі 

Мақсаты: Оқушылар жаңа сабақты сұрақтар арқылы қаншалықты түсіненін және ойын ашық білдіруіне дағдыландыру 

Сурақтар: 

1.заманауи тігін құрал-жабдықтарын сипаттау? 

2. тігін машинасын құрлсын зертеу?

4. тігін машинасы мен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Рефлексия 

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

- Ең бастысы (бүгін) сіз не білдіңіз?

- Есіңізде не қалды?

- Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды?

Оқушылар өздеріне берген сұрақтарға жауап берді.



Оқушылар өздерінің жеткен жетістіктерін басбалдаққа әкеп іледі.

Қолпаштау әдіс 

«Өте жақсы»-3шапалақ

«Жақсы»- 2шапалақ

«Нашар»-1шапалақ



Стикер әдісі арқылы бағалау

Көк


Сары


Қызыл




Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Қорытындылай келе, қалыптастырушы бағалауда - оқушының күнделікті білім сапасы, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және өзін-өзі бағалауға мүмкіндік берілді. 

Оқушының деңгейін көтеру үшін сабақ бойы қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану барысында  түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болады.                                                                
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив