14
сентябрь
2022
«Ахмет және ХХІ ғасыр ұрпағы» атты әдеби- танымдық шара қорытындысы.
2022 жылдың 13 қыркүйек күні мектебімізде «Тілдер шеруі» онкүндігі аясында 5 және 9- сыныптарға арналған Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық жолын таныту бойынша «Ахмет және ХХІ ғасыр ұрпағы» атты әдеби- танымдық шара өткізілді.
Мақсаты: төменгі 5 және жоғары 9-сынып оқушыларына Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен пәлсапасын таныту, ой бөлісу, пікір алмасу мақсатында ұрпақтар сабақтастығы ретінде әдеби- танымдық сағат өткізу еді.
І-кезеңде 5-сыныптар Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздерімен танысып, айтар ойын ашты. Өлеңдер оқылып, тіл маңызы туралы айтылды. Ал, ІІ- кезеңде 9- сынып оқушылары Ахмет Байтұрсұлының мысал өлеңдерінің пәлсапасын талдап, көпшілікке постер арқылы танытты, бүгінгі күндегі өміршеңдігін дәлелдеп, қазіргі таңдағы маңызы жоғалмаған туынды екенін көрерменге ұғындыра түсті. Қорытынды кезеңде 5 және 9-сынып оқушылары бір-бірімен танымдық сабақ туралы ой бөлісіп, тұжырым жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.М. Исаханова мен Б.Т. Интыкпаева ұйымдастырған шараның жас ұрпаққа берер тағылымы мол болды.