Педконсилиум 5- сынып оқушылары 2023-2024 оқу жылы
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожикова Б.М 5-сынып оқушыларына педконсилиум ұйымдастырды.
Мақсаты: Педконсилиумның мақсаты –5 сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуі қалыптастыру; бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту; талапқа сай тәртіп ережесін игеру, бекіту; сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру.
Міндеттері: Жаңа ортада өзін еркін сезінуге, жауапкершілікті мінез-құлыққа қалыптастыру; Қиыншылықтарды жеңуде оңды істерді, мотивацияны дамыту; Жаңа күн тәртібін, білімге ынтасын арттыруға көмек көрсету; Сыныптастарымен конфликтіге келмей, сыйласты қарым-қатынаста болуын жүзеге асыру.
Педконсилиум негізінде бастауыш сыныптағы жетекшілері мен 5- сыныпқа сабақ беріп жүрген пән мұғалімдері талдау жасады. Оқушылардың мектеп мотивациясы деңгейін бағалау үшін сауалнама алынып, психологтар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекшілеріне нақты жұмыстар бекітілді.







