Ұлтымыздың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл.
Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы, ұлы ағартушы, ұлттық тіл, әдебиет ғылымын қалыптастырушы кемеңгер-ғалым. Биыл ел руханиятының көсемі, қыр баласының сауатын ашып, халқымыздың өркениеттің төріне шығаруды өмірінің мұраты қылған Алаштың ардықты азаматы, ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Осыған орай 5-қыркүйек күні «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығы бойынша танымдық сабақтар өткізілді.