Тамақтандыру
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
Чегеева Сайран Туркестановна Рахматуллина Фируза Илиясовна
Асхананы жалдаушы асхананың меңгерушісі
«Чегеева» жеке кәсіпкерлігі
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесі өте маңызды.Оқушыларға арналған ыстық тамақты "Чегеева " жеке шаруашылығы ұйымдастырады.Егер балалардың мектепте көп уақыт өткізетінін ойласақ, олар мұнда толық тамақтануы керек.Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асхананың жұмысы қатаң кестеге сәйкес ұйымдастырылады, оның орындалуын бақылайды.
Мектеп асханасы ыстық тамақ, нан өнімдері және қажетті ыдыстармен жабдықталған.Асханаға кірер алдында оқушылардың қол жуатын орыны бар.
Мектеп медбикесі күнделікті мәзірді тексереді, сақтау нормалары мен калориялық қабылдауды қадағалайды.Асханада күнделікті буфет жұмыс жасайды, онда өз өнімдері сатылады.
Оқушылардың толық тамақтануы үшін кесте құрылған, күнделікті сынып жетекші қадағалауымен тамаққа тапсырыс беріледі.
Мектептің 2016 жылдың қаңтарынан бастап асхана қызметкерлерінің штаты тұрақты. Асхана қызметкерлері жыл сайын жаңа оқу жылына мектеп қабылдауына қатысады.Мектеп асханасында күн сайын барлық оқушыларға ыстық таңғы ас, түскі ас беріледі.Мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттары тегін және жеңілдікпен тамақтанады.
оқушы саны | Ыстықтамақ пен қамтылған оқушы саны | Ыстық тамақпен қамтылған әлеуметтік аз қамтылғаны | Соның ішінде әлеуметтік аз қамтылғандар | Соның ішінде жетім балалар | Мүгедек | 1-4 сыныптар бойынша | 5-9 сыныптар бойынша | 10-11 сыныптар бойынша |
1391 | 1391 | 129 | 116 | 5 | 8 | 78 | 42 | 9 |
Құрметті мұғалімдер мен оқушылар!
Сіздерді біздің асханамызға шақырамыз. Сіздерге дәмді тамақтану үшін барлық жағдайларды жасаймыз. Біздің асханада әрдайым жаңа піскен дәмді тоқаштар,бәліштер, самсалар, бірінші және екінші ас мәзірі бар. Асханада тазалық пен тәртіп сақталады. Мейірімді қызметкерлеріміз әрдайым оқушыларға көмектесуге дайын.
Біз сіздерді көруге әрдайым қуаныштымыз, тамақтануға шақырамыз.
Астарыңыз дәмді болсын!