Бастауыш пәні мұғалімі Конырова Гулмира Амангельдиновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Конырова Гулмира Амангельдиновна
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту.Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде осы жаңа технологиялар элементтерін өзімнің тәжірибемде пайдаланып жүрмін.
Жаңа технологияны пайдалану арқылы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Бастауыш сынып апталығында 4 сыныпта жаратылыстану пәнінен «Жылуөткізгіштік деген не?»тақырыбында өткізілген сабақ
Бөлім | Табиғат физикасы | |||||
Педагогтің аты - жөні | Конырова Гулмира Амангельдиновна | |||||
Күні | 07.02.2022ж | |||||
Сынып:4 «Д» | Қатысушылар саны:26 | Қатыспағандар саны:- | ||||
Пәні | Жаратылыстану | |||||
Сабақтың тақырыбы | Жылуөткізгіштік деген не? | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.5.4.1 түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |||||
Сабақтыңмақсаты | Барлық оқушылар:түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттейді,алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсынады Оқушылардың басым бөлігі:екі түрлі денені ұстап көріп ойын айтады, неге әртүрлі екенін түсіндіреді. Кейбір оқушылар: қатты денелердің жылуөткізгіштік қасиетін анықтайды | |||||
Бағалау критерийі | екі түрлі денені ұстап көріп ойын айтады,неге әртүрлі екенін түсіндіреді. қатты денелердің жылуөткізгіштік қасиетін анықтайды | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақ тың кезеңі /уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақ тың басы 8 минут | Психологиялық дайындық Қайырлы күн досым, Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін, Сәттілікке толсын! Карточкаларға өрнек жасырып, өрнектің мәні бойынша топқа бөлу. Өрнекте 600 саны шықса 1 топ, 500 саны шықса 2 топ, 800 саны шықса 3 топ. Сандардың бастапқы әріптері бойынша топ атауын беру. І топ: А тобы ІІ топ: Б тобы ІІІ топ: С тобы Үй тапсырмасын тексеру Ойлан: Неліктен дауысымыз аудиожазбада өзгеше естіледі? Ой қозғау Температураны анықта Температураны термометрдің көмегінсіз анықтауға бола ма? Монетаны біраз уақыт алақаныңда қысып ұста. Монетаның температурасы қандай болды деп ойлайсың? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Қандай денелер жылуды жақсы өткізетінін білесің | Баланың назарын сабаққа аудару Сұрақтарға жауап береді Ойымен бөліседі Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады | Дескриптор: сұрақтарға жауап береді-1балл | Слайд карточкалар | ||
Сабақ тың ортасы 10 минут 3минут Топпен жұмыс 10 минут | Температураны термометр көмегінсіз анықтауға бола ма? Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екендігін анықтату үшін қолдарына монеталарды таратып беріп, біраз алақандарында қысып отыра тұруларын сұраймын. Қолдарыңдағы тиынның температурасы қандай? (бірі білмейміз, бірі адам температурасымен бірдей деп айтуы мүмкін.) Егер жауапқа дәл шықпасақ ары қарай «Адамның қалыпты температурасы қандай?» - деген сұрақ қоямын. Онда сенің қолыңдағы дененің температурасы қандай? Енді қолдарындағы монетаны парта үстіне қойыңдар. Монетаның температурасы енді қандай болды? (Алдында айтылғандардың мағынасын ұққан оқушы сынып бөлмесінен термометр іздейді) Бөлме температурасы қанша? Термометр көрсеткішін қараңыз. Онда монетаның да температурасы бірдей болады, себебі жанасқан денелердің температуралары теңеседі. Неге әртүрлі? Бір қолыңмен партаның ағаш бетін екінші қолыңмен партаның темірін ұста? Не байқадың? Неге ағашқа қарағанда темір суығырақ? (себебі ағашқа қарағанда темір өз бойындағы жылуын келесі денеге өткізе салады.) Бейнеролик Жылу әрдайым ыстық денеден суық денеге беріледі. Бұл құбылысты жылуөткізгіштік деп атайды. Жылуды өткізу қабілетіне байланысты денелер мен заттарды жылуөткізгіштер мен жылуоқшаулағыштар деп екі топқа бөлінеді. Ауасыз бос кеңістікті вакуум деп атайды. Вакуум – жылуды ең нашар өткізетін орта. А тобы: Ойлан тапсырмасын «Венн диаграммасы» бойынша топтастырады. В тобы: «Фишбоун» әдісі бойынша қатты денелерді талқылайды. С тобы: Зерттеу жұмысы «Қатты денелер жылуды қалай өткізеді?». Зерттеу сұрағы: «Қай дененің жылуөткізгіштігі жоғары?» | Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді екі түрлі денені ұстап көріп ойын айтады Неге әртүрлі екенін түсіндіреді. Қатты денелердің жылуөткізгіштік қасиетін анықтайды | Дескриптор: температурасы асқа денелерді анықтайды-1балл бөлме температурасы мен теңесуін айтады-1балл себебін айтады-1балл Дескриптор: екі түрлі денені ұстап көріп ойын айтады-1балл неліктен әртүрлі екеніне пікір білдіреді-1балл Дескриптор: Проблемасын анықтайды. Себептерін анықтайды. Дәлел келтіреді. Қорытындылай алады. Дескриптор: Жылы аймақта өмір сүретін адамның неліктен қалың киім кигенін анықтайды. Суық аймақта өмір сүретін адамның неліктен қалың киім кигенін анықтайды. Дескриптор: стақанға ыстық су құйып қасықтың температурасын анықтайды-1балл үш түрлі нәтижені байқайды-1балл қатты денелердің жылуөткізгіштік қасиетін айтады-1балл қорытынды шығарады-1балл | Оқулық 16 бет Қажет заттар: парта монеталар Венн диаграммасы,тоқыма киімдер Фишбоун сызбасы Қажет затттар: шыны стақан,ағаш және темірқасықтар,ыстық су | ||
Сабақ тың соңы Кері байланыс 7 минут | «Күннің шуағы» әдісі Күннің ортасына бүгінгі тақырыпты жаз.Шуақтарына бүгінгі сабақтан алған қажетті ақпаратыңды жаз және оқы. Үйге тапсырма Ойлан: Жылы аймақта өмір сүретін адам мен суық жақта өмір сүретін адам неліктен бірдей қалың киініп алған | Күннің ортасына бүгінгі тақырыпты жазады.Шуақтарына бүгінгі сабақтан алған қажетті ақпаратты жазады,оқиды | «Комментарий» арқылы | Күннің суреті | ||