Химия пәнінің мұғалімі: Актанова Назым Каирказиновна

Жаратылыстану-ғылым циклі мұғалімдерінің тамыз секциясында өткен шеберлік сыныбы
22.08.2017 жылы
Жүргізген: №46 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Актанова Назым Каирказиновна
Қатысатын мұғалімдер: Өскемен қаласы мектептерінің химия, биология, география пәндерінің мұғалімдері.
Өтетін орны: №16 орта мектебі, 209 кабинеті
Тақырыбы: « Бағалаудың түрлері»
Мақсаттары |
|
Күтілетін нәтиже |
|
Түйінді идеялар | Критериальды бағалау- алдын ала анықталған критерийлер бойынша оқушы жетістігін анықтау. Қалыптастырушы бағалау сабақта үздіксіз жүргізіледі, оқушыны қолдау. Жиынтық бағалау бөлім, тоқсан бойынша жүргізілетін бағалау түрі. |
Ресурстар | компьютер, интерактивті тақта, презентация, маркерлер, А-4 және А-3 парақтары, ресурстар, тапсырмалар жазылған карточкалар. |
Шеберлік сыныптың барысы | ||||||||||||||||||
Кезеңдері | Уақыты | Шеберлік сыныбын жүргізушінің және қатысушылардың іс-әрекеттері | ||||||||||||||||
Ынтымақтастыру | 2 мин | Жүргізуші қатысушылармен амандасып, өзін таныстырады. Шеберлік сыныбына қатысушыларды ортаға шақырып, ынтымақтастық атмосферасын «Тағы да сәлеметсіз бе? » тәсілі бойынша жүргіземін. 1-кезекте мұғалімдер араласып жүріп бір-біріне қол беріп, «Мен ....» деп өздерінің есімдерін атайды. Бұл тәсіл арқылы мұғалімдер танысып, жақсы көңіл –күй орнайды. | ||||||||||||||||
Топқа бөлу | 1 мин 5 минут | Нөмірленген карточкаларды алу арқылы қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады. Шеберлік сыныбының тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырылады. | ||||||||||||||||
Миға шабуыл | Сұрақтар:
Даярлыққа 3 минут. Баяндамашыларға ой бөлісіп, айтуға бір минут. Бағалау: 5,4,3,2,1
Мұғалімдер А3 қағазына дәстүрлі бағалауды артықшылықтары мен кемшіліктерін жазып, баяндамашылар топтардың алдында бөліседі. Жүргізуші олардың жұмысын дәстүрлі 5,4,3 бағалары арқылы бағалайды. Ал, баяндамашылар баға алғаннан кейінгі ойларымен бөліседі. Жүргізуші презентация бойынша дәстүрлі бағалау туралы толықтырып, қорытындылайды. | |||||||||||||||||
Топтағы жұмыс | 5 минут даярлануға. 4 минут |
Қатысушы мұғалімдер қалыптастырушы, жиынтық бағалау бойынша берілген ресурстармен жұмыс істеп, талдайды, постер жасайды. Топ алдында постерлерін қорғайды. Басқа топтар сұрақтар қояды, олардың жұмысын «Бас бармақ», «Салют», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» қалыптастырушы бағалау тәсілдерімен бағалайды. | ||||||||||||||||
Қорытынды | 2 мин | Жүргізуші презентация бойынша критериальды бағалау, қалыптастырушы, жиынтық бағалау туралы қатысушылардың ойын толықтырып қорытындылайды. | ||||||||||||||||
Рефлексия | 1 минут | Бүгінгі шеберлік сыныбынан сізге не ұнады? Ұсыныстарыңыз қандай? Стикерге шеберлік сыныптың өтуі туралы ойларын жазады. |
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсыМұғалімге арналған нұсқаулық
Астана 2016 ж.
2. «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсыТренерге арналған нұсқаулық
Астана 2016 ж.
3. Ғаламтор материалдары.Шеберлік сыныптан көріністер

04.01. 2019 жыл
№46 орта мектебінің химия пәні мұғалімі: Актанова Н.К.
Шеберлік сыныбының тақырыбы: Химияны оқытуда саралап оқытудың тәсілдерін қолдану.
Мақсаты:
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында саралап оқытудың маңызын көрсету, сабақта саралау тәсілдерін қолдануды көрсету.
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер саралап оқытудың типтері, түрлері, саралау тәсілдері жайында туралы мағлұмат алады;
- қысқа мерзімді жоспарлау барысында саралау тәсілдерін қолдану туралы білімдерін толықтырады, жинақтап, пікір алысады.
Дифференциация (саралау) деген не?
Дифференциациация (Difference ) латын тілінен аударғанда айырмашылық, бөлу дегенді білдіреді. Саралап оқыту – әр оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі. Оқыту және білім берудегі саралау дегеніміз:
- білім берудің мазмұнын, түрін, әдісін, темпін, көлемін таңдау арқылы әр оқушыға білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
- Әр түрлі білім алу қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арнап оқыту жүйесін бағдарлау.
Сыртқы дифференциация (арнайы мектептер ұйымдастыру, тереңдетіп оқыту және коррекциялық сыныптар, факультативтер, таңдау курстарын т.б. ашу). Сыртқы дифференциацияның мәні білім беруде оқушыларды таңдаған бағытта максимал дамыту мақсатымен олардың тұрақты қызығушылықтарын, бейімділіктерінің және қабілеттерінің көлемінде мамандануға бағыттау болып табылады.
Ішкі дифференциация әдеттегі сынып көлемінде әр оқушының даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ барысындағы жұмыстың ұтымды түрін анықтау. Ішкі саралау оқушылардың дара және топтық ерекшелігін толық ескеру мүмкіндігіне негізделген. Қазіргі кездегі ішкі дифференциацияның ерекшелігі ол тек оқуда қиындық сезген оқушыларға ғана емес, сонымен бірге дарынды балаларға бағытталған. Сабақ оқушылардың қабілеттері негізінде құрылады. Бірақ жалпы білім берудің базалық деңгейі төмендетілмейді.
Саралауды ұйымдастыруды тудыратын факторлар:
- Мұғалімнің әрбір оқушының мүмкіндігін сабақта барынша толық қолдануға ұмтылысы;
- Оқушылардың білім сапасын арттыру;
- Мектептің жұмыс істеуін жетілдіру.
Ол үшін:
- Оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне сараптама жасау;
- Оқушылардың төмен оқу үлгерімін көрсету себептеріне сараптама жасау;
- Оқушыларды үш негізгі топқа бөлу
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында саралап оқыту туралы былай деп жазылған: «Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады»
Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970)
- жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.
- Бірінші фактор білім алушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау; оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, ата - аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың барлық кезеңдерінде ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташа оқитын оқушыларға ойланып, қажетті есептеулер жасауға уақыт беріледі, ал оқу үлгерімі төмен оқушыларға нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.
- Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық 20% қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады.
- Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін.
- Жіктеу. Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тəсілдер бар:
- мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі)
- талаптары əртүрлі оқушылар джигсо топтары
кəсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ
гендерлік топ т.б.
- Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үшке бөлуге болады, Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан, сабақ кезінде әр топтың деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, тақырыпты игеруді жүргізу керек.
- Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау кабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін калыптастыру, жаңа материалды түсіндіргенде проблемалық- ізденіс әдісін қолданған дұрыс.
- Орташа қабілетті оқушылар екінші топты құрайды. Білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз, өзіне - өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.
- Үшінші топқа үлгерімі төмен оқушылар жатқызылады. Бұлар тұрақты назарды ұстауды, білім, білік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің үлкен күш -жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни мұғалім көмегін көп қажет ететін оқушылар.
- Ынтымақтастықта оқыту – саралаудың негізінде жүреді. Талаптары әртүрлі оқушылардың топтарында қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
- Мұндай әртүрлі топтардың барлығы туралы ешқандай тізім жасалмауы тиіс. Тек соңдай топтардың бар екендігін сабақты жоспарлағанда, үйге тапсырма бергенде ескеру қажет. Үшінші топтағы оқушылармен саралап жұмыс жүргізу үшін дайын сызба - нұсқаларды, жоспарларды, тезистерді, алгоритмді, есептердің үлгілерін т.б. пайдаланады. Үй тапсырмасын орындату - маңызды нәрсе. Үй тапсырмасын бергенде оны оңтайландыру критерийіне сүйене отырьш, оқушының нақты мүмкіндігін ескерген жөн. Үй тапсырмасы үлгерімі төмен оқушыны жетілдіре түссе, ал қабілетті оқушы ең жоғары деңгейде дамуы тиіс.
2.Диалог және қолдау көрсету .
Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.
Сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі қажет.
Мұғалім оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл тәсілді қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Саралау тәсілдерін қолданып, сабақты жоспарлау.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім қандай мағлұматтарды міндетті түрде анықтап, әзірлеуі қажет?
Сабақ мақсаттарын жасауға нені негізге аламыз?
Сабақ мақсаты дегеніміз не?
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың танымдық әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.
Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.
- Кейбір оқушылар: Жоғары оқу үлгерімі мен танымдық қызығушылығы бар, жалпылау, анализ, синтез дағдылары дамыған, өз бетімен жұмыс істеуге даяр болуы. Ол оқушылармен жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыру, жоғары деңгейлі тапсырма даярлау, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу қажет , өз жұмысының нәтижесіне жоғары талап қоюға үйрету.
- Басым көпшілігі: Бұл топпен жұмыс істеген кезде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға,проблемалық сұрақтарды шешуге тарту, өздеріне сенімділігін арттыруға жұмыс жүргізу, бірте –бірте кейбір оқушылардың бірінші топқа өтуіне жағдай жасау
- Оқушылардың көпшілігі:Оқу үлгерімі төмен оқушылар,олармен жұмыс істегенде ең бірінші төмен үлгерімінің себебін анықтау керек
- Ауа. Ауаның құрамы
№6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы» - Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдырыңыздар
- 7.3.1.1-ауа құрамын білу;
- 7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу
- 7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
Сабақтың мақсаттары
1.Барлық оқушылар: Ауа газдар қоспасы екенін, оның сандық сапалық құрамын білу.Жану реакциясы кезінде оттектің жұмсалатынын білу.
2. Көпшілігі: Жануға тек оттек газы қатысатынын және жану өнімдерін атау, заттар жанғанда атмосфера ауасының ластанатынын түсіндіру.
3. Кейбір оқушылар: тәжірибені түсіндіру, ауаны ластанудан қорғау жолдарын ұсыну.
- Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін «Ауа туралы не білеміз?» Оқушылар шеңберге тұрады, ауаның қасиеттері туралы айтады.
- «Кім көп біледі?» сұрақтар бойынша топқа бөлу.
- Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін Ауа туралы қызықты мағлұмат көрсету. видео көрсету.
Ауа жайлы 15 қызықты мәлімет:
Әлемдегі ауасы ең таза ел – Швейцария, ал ең ласы – Қытай. Адам бір күнде орташа есеппен алғанда, 22 мың рет дем алады. Жер бетіндегі ауаның – 78%-ы азоттан, 21%-ы оттегіден тұрады. Біз дем алатын ауаның 25%-ы, миды нәрлендіруге барады. Үлкен биіктікте, ауа қысымының төмендеуі себебінен, адам оттегіні аз мөлшерде алады. Сол себептен таулы жерлерде: бас ауруы, шаршау, ұйқышылдық және тыныс алу қиындықтары туады. Көптеген адамдар ауаның салмағы жоқ деп ойлайды. Шын мәнінде бір текше метр ауа 1,225 кг-ға тең. Каирде ауаның ластануы соншалықты, бір күн бойы тыныс алу, бір қорап темекі шеккенмен бірдей. Суық тиюден болатын аурулардың 90%-дан астамы далада емес, жабық бөлмеде жұғады. Жерорта теңізінде оттегіні қажет етпейтін микроорганизмдер табылды. Ауасыз өмір сүру рекордын 2010 жылдың 1 сәуірінде Стиг Северинсенмен жаңартты – ол 20 минут 10 секунд бойы тыныс алған жоқ. Амазондағы өсетін орман – әлемдегі барлық оттегінің 20%-ын өңдіреді. Сондықтан ормандар біздің ғаламшардың жасыл өкпесі деп аталады. Автокөліктердің қозғалтқыштары, адамдарға қарағанда ауаны әлдеқайда көп пайдаланады. Ересек адам әрбір минут сайын, шамамен 4,5-5 литр оттегімен тыныс алады. Үлкен қысым арқылы ауаны сұйық қылдыруға болады. Зерттеулерге сәйкес, ең таза ауа – Австралияның Тасмания аралында.
3. Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)
Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады.
Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс барысында қолдануға болады.
Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді.
Жақсы оқитын оқушылар үшін бұл өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасайтын, бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, білгендерін жүйелейтін, шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.
Үлгерімі төмен оушылар үшін қабылдау белсенділігін арттыратын, оқу материалын бекітуге, қолайлы ойлау тәсілдеріне үйрететін, білімдерін жүйелеу мен жетілдіруге бағытталған тапсырмалар.
- 7.3.1.1-ауа құрамын білу.
Мақсатына қандай деңгейлі тапсырмалар ұсынуға болады?
Мұғалімдер топтық жұмыста жұмыс істейді.
- 7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу.
Қандай деңгейлік тапсырмалар беруге болады?
Оқытудағы деңгейлі саралауды жақсартуға қажетті жағдайлар:
- Оқушы мен мұғалім арасында өзара сенім және ынтымақтастық, жағымды атмосфера қалыптастыру қажет.
- Барлық топтардың жұмысына көңіл бөлу;
- Әрбір оқушы қайсы деңгейде жұмыс істейтінін өзі шешуі керек.
- Оқу материалын игеру деңгейлері барлық оқушы үшін ашық болуы тиіс. Әрбір деңгей үшін оқу мақсаттарының нақты, түсінікті болуы оқушылардың белсенділігін арттырады.
- Оқушыларға бірдей оқу материалын бере отырып, оны меңгеруге әртүрлі деңгейлі талаптар қойылады.
- Оқытуды оқушыларды бірте бірте алға жылжып, деңгейін арттыру бірізділігін сақтау керек.
- Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін қадағалап, алға жылжыған оқушыны бір топтан екінші топқа ауыстыруы қажет.
4. Дереккөздер бойынша саралау
- Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.
- негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.
- Оқулық
- Видео фильм https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/aua-auanyng-quramy
- Таратпа материалдар
- Интернет ресурстар
- 7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
Тапсырма:
Атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жайында постер дайындап, сыныптың алдында баяндау.
Саралау: ресурс бойынша
Қорытынды бойынша
5. Жұмыс қарқыны. Балаларға жалпы тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Қабілетті бала басқаларға қарағанда негізгі міндеттерді орындауға аз уақыт жұмсайтынын болжауға болады, ал содан кейін айтарлықтай күрделі жұмысты орындауға кірісе алады. Көптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың жоқтығынан негізгі тапсырманы өте баяу орындағандықтан, мүмкіндігінің болуына қарамастан қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір балаларға барлық тапсырманы орындамай , қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат етуге болады.
6. Бағалау жүйесі
- Өзін-өзі бағалау.
- Бір-бірін бағалау.
- Мұғалімнің бағалауы.
- Бағалау критерийлері бойынша бағалау.
- Арнайы даярланған тапсырмалар саралау кезінде әрбір оқушының тиімді жұмыс істеуіне жол ашады.
7. Қорытынды. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады.
- Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.
- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Саралаудың тәсілін қолдану үшін сыныптың жас ерекшелігін, көзқарастарын, қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін, білімдерінің тереңдігін, оқу материалын ұғуын білу керек.
- Саралап оқыту әрбір оқушыға тиімді қарқынмен жұмыс істеу, тапсырмаларды орындауға өз күшіне сенуге, оқуға қызығушылығын арттырады.
- Саралау оқытудың қажетті құралы, себебі жігерін, ойлау қабілетін белсендіреді, пәнге қызығушылығын арттырады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Тренерге арналған нұсқаулық. Астана 2016
- Тренерге арналған үлестірме материалдар Астана-2016
- 7- сыныпқа арналған оқу жоспары.
- 7-сыныпқа арналған химия пәні оқулығы
- Интернет ресурстары.
Шеберлік сыныбы «Химияны оқытуда саралап оқытудың тәсілдерін қолдану»

